20%: ұрпағымыздың ақшасымен өмір сүріп жатырмыз

Аялдар Күнтуған

  • 01.02.2025

Қазақстан Президентінің Үкіметтің кеңейтілген отырысында қосымша құн салығын (ҚҚС) 12 пайыздан 20 пайызға көтеру керектігі туралы айтқаны қоғамда әртүрлі пікір тудырды. Жақтағандар да, қарсы шыққандар да бар. «Түркістан» газетіне берген пікірінде экономист Андрей Чеботарев мұндай қадамға бұдан ертерек баруымыз керек еді деген пікір айтыпты.

Экономистің пікірінше, ұрпағымыздың ақшасымен қарызданып өмір сүруге болмайды.

– Ең алдымен, бұл шараны бұрынырақта қа­былдау керек еді. Коммуникация толық­тай сәтсіз болды. Мен 3 жыл бойы салық­тары­мыз төмен екенін және оларды ерте ме, кеш пе көтеретінін айтумен келемін. Қа­зіргі және бұрынғы Үкімет бұл мәселе­лерді көтермеді, бірақ енді бюджет тапшы­лы­ғының «қара құрдымы» қыспаққа алған­да, басқа таңдау қалмады. 
Екіншіден, ставканы соншалықты кө­теріп, шегін төмендету не үшін қажет? Бұл жерде логика бар. Әрине, бұл инфляциялық шок тудырады, бірақ ол бір-ақ рет болып, тез арада басылады. Ал егер ставканы кезең-ке­зеңмен көтерсе және бірнеше жылға соз­са, жалпы инфляцияның өсімі жоғары болуы мүмкін. 
Үшіншіден, кейбір сарапшылар шек­теулерді төмендету бизнесті көлеңкеге қа­шырады деген пікір айтады, дегенмен бұл бизнеске, керісінше көлеңкеден шығуға көмектесуі мүмкін. Өйткені қазір бизнес онсыз да көлеңкеде, бөлшектеу салдарынан мейрамханаларда, дәріханаларда және дү­кендерде кассалар бөлек-бөлек екенін көре­міз. 
Төртіншіден, басқа жол бар ма? Әлбетте бар. Ұлттық қордан ақша алып, қарыздан-қарыз­ға өмір сүре беруге болар еді. Ұлттық қор бізге 10-15 жылға жетеді, мемлекеттік қа­рыз деңгейі төмен болғандықтан, қарыз­дар арқылы тағы 10-15 жылға жетуі мүмкін. 
Бесіншіден, осы жағдайға жетіп, алды­мызда екі-ақ таңдау қалды: бәрі жақсы деп одан әрі өз-өзімізді алдап, тарифтер мен са­лықтарды ұстап тұрып, ұрпағымыздың ақшасымен, қарызданып өмір сүру. Немесе тарифтер мен салықтарды көтеру. Әрине, мұны бірте-бірте жасап, әлдеқайда ерте бастау жеңіл болар еді. 
Алтыншыдан, ешбір елдегі ешбір бизнес са­лық төлеуді ұнатпайды. Әлемдегі ешбір ха­лық төлеп отырған салығын аз деп есеп­темейді.

Фото: kapital.kz

Байланысты жаналықтар

Бәрі салық төлесе, кәсіп өсе бастайды - сарапшы

28.03.2025

ҚҚС: бюджеттің кірісін арттыру ғана емес, шығыстарды да азайтады

03.03.2025

Олжас Бектенов: Екі апта уақыт беремін. Салықтарыңды төлеңдер!

28.02.2025

Ұлттық қордан жұмсалған қаражат тексеріледі

24.02.2025

Сарапшы: Қазақстан экономикасына шұғыл реформа керек

13.02.2025

Ұлытау облысында салық кодексіндегі түзетулер талқыланды

13.02.2025
MalimBlocks
Бәрі салық төлесе, кәсіп өсе бастайды - сарапшы

PR маманы, журналист, қаржы саласының маманы Айбар Олжаев ҚҚС мен кәсіп туралы сөз қозғады

ҚҚС: бюджеттің кірісін арттыру ғана емес, шығыстарды да азайтады

Биыл 2,5 трлн қаражатқа шығындалыппыз

Олжас Бектенов: Екі апта уақыт беремін. Салықтарыңды төлеңдер!

Ұлттық қордан жұмсалған қаражат тексеріледі

Сарапшы: Қазақстан экономикасына шұғыл реформа керек

Ұлытау облысында салық кодексіндегі түзетулер талқыланды