Академик Қирабаевтың ұлы елші болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жарлығымен Әлім ҚИРАБАЕВ Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы malim.kz сайты хабарлайды.
Елші Әлім Қирабаев белгілі академик Серік ҚИРАБАЕВТЫҢ екінші ұлы. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін әлеуметтанушы мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде 1997 жылдан бері еңбек етеді. 2006 жылдан бері басшылық қызметте. 2008-2015 жылдары Америка департаментінің директоры, болжау және ішкі саясатты сараптау департаменті директорының орынбасары болған.
Фото: inform.kz