Әкім Оразалин көпбалалы анаға жалған сертификат берген

Malim Админ

  • 16.03.2021

Ақтөбе облысының әкімі көпбалалы анаға жалған сертификат сыйлаған.

«Астана» телеарнасының мәліметінше, 1 наурыз (алғыс айту) күні көпбалалы ана Айсұлу Қүздібаеваға облыс әкімі Оңдасын Оразалин 2 миллион теңгенің сертификатын табыстаған. Бірақ ана көрсетілген сомманы ала алмаған, ол тек қағаз жүзінде берілген.

Айсұлу Қүздібаеваның сөзінше, ол 2 миллион теңгенің үстіне тағы да ақша қосып, басқа үй сатып алмақ болған.

«Облыс әкімінің өзі берді. Мен 2 миллион теңге менде бар екен деп ойладым. Үстіне тағы ақша жинап, басқа баспана сатып аламын дегенмін. Көршілерім де келіп құттықтаған. Бұл жәй қағаз болып шықты», - дейді Қүздібаева.

Айсұлу Қүздібаева Ақтөбеге жақында көшіп келген. Ол бес баласымен бірге 14 шаршы метрлік коммуналды пәтерде тұрып жатқан. Үйде жиһаз да болмаған. Оған еріктілер көмектесіп, пәтерді жөндеуден өткізіп, жиһаз алып берген.

Шенеуніктер көп балалы анаға берілген сертификаттың ешқандай құны жоқ екенін бұған дейін түсіндіргендерін айтады. Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақтөбе облыстық секретариятының меңгерушісі Маржан Қорғанбаеваның сөзінше, сертификат еріктілер бөлмені жөндеуге және жиһаз сатып алуға жұмсаған қаржыға негізделіп берілген.

«Біз жастардан: «жөндеуге қанша қаржы жұмсадыңдар?», - деп сұрадық. Олардың сөзінше, жөндеу жұмыстары мен жиһазға 2 миллионға жуық қаржы кеткен. Көмек  жасалған сомманы көрсету үшін Айсұлуға осы сертификатты табыстадық. Ол:«бұл қаржыны маған бере ме?» - деп сұрады. Біз бұл соммаға жөндеу жұмыстары жасалғанын, осыны көрсеткіміз келгенін түсіндірдік», - дейді Қорғанбаева.

2020 жылдың маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "коронавирус індетіне қарсы жұмыстарға атүсті қарады" деген бірқатар әкім мен министрге сөгіс жариялаған. Олардың арасында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин де болған.

 

Байланысты жаналықтар

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

09.05.2025

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары 2,3 млн теңге көлемінде пара алған

05.05.2025

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

24.04.2025

Қызғалдақ дауы: тағы бір әкім жазалануы мүмкін

23.04.2025

ҚХА төрағасының орынбасарлары тағайындалды

17.04.2025
MalimBlocks
Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары 2,3 млн теңге көлемінде пара алған

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

Қызғалдақ дауы: тағы бір әкім жазалануы мүмкін

Ақтөбе облысында ауыл әкімі қызғалдақ ұстап түскен суретінен кейін басы дауға қалды. Суретті Ляззат Бердыбаева әлеуметтік желілерде жариялаған

ҚХА төрағасының орынбасарлары тағайындалды