Ақаев: Ел басшылары уақыт ағымына ілесе алмаса, халық наразылыққа шығады

19 маусымда Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен кездесуден кейін журналистер сұрағына жауап берген Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Қазақстандағы Қаңтар оқиғасы мен референдумға қатысты пікір білдірді.

Malim Админ

  • 20.06.2022

«Меніңше, кез келген халық, кез келген ұлт уақыт өте дамудың жаңа сатысына өтуге талпынады. Бұл – табиғи процесс. Егер ел басшылары алдын ала алса, кейде әлеуметтік наразылықтарсыз да жүзеге асады. Ел басшылары уақыт ағымына ілесе алмаса, халық наразылыққа шығады. Менің ойымша, осы оқиға референдумға жеткізді, референдум арқылы Қазақстан халқы гүлденген, әділетті, күшті екінші республика құру жөнінде биік мақсат қойды»,- деді Ақаев.

Естеріңізге сала кетейік, 1990-2005 жылдары Қырғызстан президенті болған Асқар Ақаев 2005 жылы 24 наурыздағы "Қызғалдақ төңкерісі" кезінде биліктен кетіп, Мәскеуден саяси баспана алған. Кейін бұл әрекетін "Өз халқыма оқ атпау – басты ұстанымым" деп түсіндірген.

2020 жылы Хабар арнасына берген сұхбатында Қазақстанның бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Ақаевты құтқару үшін 2005 жылы Қырғызстанға арнайы тікұшақ жібергенін айтқан еді. Ақаевтан кейінгі қырғыз президенті Құрманбек Бакиевті де көтеріліс кезінде елінен Назарбаев алып шыққан.

Айта кетейік, Асқар Ақаевтың ұлы Айдар мен Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия үйленіп, 4 жылға жуық уақыт отбасы болған.

Байланысты жаналықтар

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

01.08.2023

«Шал кет» деп айғайлағаны үшін 9 ай жаза

27.07.2023

Ұлттық қауыпсіздік комитетінің қызметкерлері сотталды

20.07.2023

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

20.07.2023

Елбасы аппаратының қызметкерлері қысқарды

19.07.2023
MalimBlocks
Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

Шымкенттегі Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың ата-аналары мен туыстары қала әкімдігі алдындағы алаңға барып, балаларын атқан және атуға бұйрық бергендерді тауып, жазалауды талап етті,- деп хабарлайды Азаттық сайты.

«Шал кет» деп айғайлағаны үшін 9 ай жаза

Алматының №2 Бостандық аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздікке шақырды және қатысты» (272-бап 2,3 бөліктері) деп айыпталған Әділет Мусинді кінәлі деп танып, 9 айға бас бостандығынан айырды.

Ұлттық қауыпсіздік комитетінің қызметкерлері сотталды

Қаңтар оқиғасынан кейін азаптан өлген Алмас Мұқашевтың ісі бойынша ҰҚК-нің екі қызметкері сотталды.

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

Шығыс Қазақстан облысы Тоқаевты мадақтайтын бейнероликке 5,2 миллион теңге жұмсаған.

Елбасы аппаратының қызметкерлері қысқарды

Мемлекеттiк саяси қызметшiлер тiзiмiнен Елбасы аппаратының қызметшiлерi алынып тасталды.