Астана полициясы Рысбек Сәрсенбайұлын күштеп ұстап әкетті

Әлеуметтік желіде наразыларды қолдауға барған қоғам белсендісін күштік құрылымдардың ұстап жатқан видеосы тарады.

  • 06.09.2022

Бүгін таңертең президент әкімшілігінің алдына Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Алматы қалаларынан келген Қаңтар оқиғасында қаза тапқан, зардап шеккен азаматтардың туыстарын полиция ұстап, арыздарын тапсыруға мүмкіндік берген жоқ. Артынша осы топты қолдауға Алматыдан келген қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлын да ұстап әкетіп, біраз уақыттан соң босатқан.

«Азаттық радиосына» берген сұхбатында Рысбек Сәрсенбайұлы Алматы аудандық полиция бөліміне апарғанда қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртылғанын айтады. Қазір белсенді Қаңтар оқиғасына қатысты тәуелсіз комиссия құрып, зардап шеккендерге көмек көрсетумен айналысып жүр. Ол өзін ұстау кезінде қарсыласқанын және соның салдарынан денсаулығына зақым келгенін, дәрігерді де әрең шақырғандарын айтып отыр.

Ол Қаңтар қырғынанда қаза тапқандардың туыстарының әділдік таппаған соң белсендіден көмек сұрады дейді.

«Қаңтардағы қанды қырғыннан зардап шеккен адамдары келген. Оның ішінде қайтыс болып кеткендердің туыстары да бар. Қайтыс болғандардың өзіне лаңкестер, бұзақылар деген айып тағып жатыр. Артындағы жақындары сол жаман аттан ақтау үшін келіп отыр. Сол мәселелер жергілікті жерде-ақ шешілуі керек. Сол жерде прокуратура бар, тергеу органдары бар, сот бар. Анық қанығына жетіп, ол адамдарды ақтаса, мұнда келмейді. Жазықсыз, кінәсіз адамдар сотталып, істі болып отыр. Бұл тергеу органдарының, прокуратураның асыра сілтеп отырғанын көрсетеді. Содан зардап шеккен адамдар арыз мұңын айтып келіп отыр. Мына жақта бас прокуратура бар, жоғарғы сот, ішкі істер министрлігі бар, не болмаса президент әкімшілігі бар. Соларға келіп жағдайымызды айтайық деген адамдар ғой. Ал олар кіре алмайды есікке. Күшке салады да басып алып кетеді. Сондықтан ол кісілер менен көмек сұрады, – дейді Сәрсенбайұлы.

Әзірге арыз тапсырушыларға барғандар мен оларды қолдауға барып, қоса ұсталған белсендіге қатысты өкілетті органдар ешқандай мәлімет таратқан жоқ. Әлеуметтік желіде «жасы келген адамды бұлай сүйрелеу – ұят» деген мағынада жазбамен Сәрсенбайұлының видеосы көптеп тарап жатыр. Онда белсендіні күштеп көлікке мінгізіп жатқаны көрінеді.

Байланысты жаналықтар

Қайрат Нұрқаділов сайлаудан бас тартып, жолын Рысбек Сәрсенбайұлына бермек

03.03.2023

А. Орынбек М. Тайжанға қарсы. Р. Сәрсенбайұлы қолдап отыр

01.03.2023

Күдігі көп кеңес: Қырықпышақ оппозиция, Құлыбаев партиясы және сатқындық

17.03.2021

Рысбек Сәрсенбайұлы: Сайлау кейінге қалуы керек

28.10.2020

Ахметовтің қазасына Махмахановтардың қатысы болуы мүмкін

04.09.2020
MalimBlocks
Қайрат Нұрқаділов сайлаудан бас тартып, жолын Рысбек Сәрсенбайұлына бермек

Редакция қоржынан келіп түскен видеоға қарағанда, Алматы облысындағы 11-сайлау округінде дауысқа түсіп жатқан кандидат Қайрат Нұрқаділов сайлаудан бас тартпақ

А. Орынбек М. Тайжанға қарсы. Р. Сәрсенбайұлы қолдап отыр

Әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы, өзін заңгер санайтын Айгүл Орынбек сайлаудың үгіт-насихатының отына май құйып бергендей болды.

Күдігі көп кеңес: Қырықпышақ оппозиция, Құлыбаев партиясы және сатқындық

Рысбек Сәрсенбайұлы: Сайлау кейінге қалуы керек

Ахметовтің қазасына Махмахановтардың қатысы болуы мүмкін