Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек - Тоқаев

Арман Қайыпхан

  • 08.01.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жобалық кеңсенің қызметімен таныст, деп хабарлайды Malim.kz.

EXPO қалашығында орналасқан Жобалық кеңсе елімізде қолға алынған реформалар мен стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру ісіне үлес қосуды көздейді.

Жобалармен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай жетістікке жету үшін Үкімет мүшелері батыл шешім қабылдауы керек екенін атап өтті

Алдымызда тұрған мақсаттар өте маңызды. Ең бастысы, Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысын мұқият бақылауда ұстау қажет. Бұл орталықтың негізгі мақсаты – реформалардың тиімділігін арттыру. Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды осы жұмысты қадағалайды. Министрлер де, әкімдер де батыл шешім қабылдауға дайын болуға тиіс. Мен осыған дейін Үкіметтің алдына нақты міндет қойдым. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер бойынша барынша дербес шешім қабылдануға тиіс. Нақты нәтижелерді талап етемін, – деді Мемлекет басшысы.

Президент министрлер мен басшыларды бірқатар міндеттерді назарда ұстауға шақырды.

Біз қазір ірі инфрақұрылымдық жобаларға, цифрландыруға, жасанды интеллект пен ядролық энергетикаға баса мән беріп жатырмыз. Себебі мұның бәрі – мемлекетіміздің негізгі стратегиялық даму бағыттары. Үкімет осы маңызды мәселелерді жұмыс барысында міндетті түрде ескеруге тиіс, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасын дамыту перспективасына да тоқталды.

Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек. Мен Ana tili газетіне берген сұхбатымда екі үлкен станция салатынымызды айттым. Олардың саны тіпті үшеу болуы да мүмкін. Қазақстанды ядролық энергетикасы дамыған, жасанды интеллект қолданылатын, цифрландыру толық көлемде жүргізілген елге айналдыруымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Қазір еліміздің 158 азаматы Африка және Таяу Шығыс аймағында бітімгерлік қызметте жүр

14.04.2025

Тоқаев Өзбекстанға барды

04.04.2025

Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

02.04.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

30.03.2025

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

28.03.2025

Президенттікке 6 жыл: Тоқаевтың саяси бастамалары мен реформаларынан не күтеміз

20.03.2025
MalimBlocks
Қазір еліміздің 158 азаматы Африка және Таяу Шығыс аймағында бітімгерлік қызметте жүр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық бітімгерлік контингентінің әскери қызметшілерімен кездесті

Тоқаев Өзбекстанға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға барды

Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

Президенттікке 6 жыл: Тоқаевтың саяси бастамалары мен реформаларынан не күтеміз

Мемлекет басшысының осы жылдар ішінде елімізді оң өзгерістерге бастайтын: атқарушы билікке берілген тапсырмалары, бастамалары, ұсыныстары көптің көкейінен шығып жатқаны анық