Ауруханадан үйіне, үйінен абақтыға – Арыстанбектің ұсталғаны рас па?

Сол жерден оны Антикор қызметкерлері алып кетті

Malim Админ

  • 27.05.2022

Kozachkov offside телеграм арнасында «Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы кешегі түнде  елордадағы уақытша ұстау абақтысында өткізді. Бейсенбі күні ол ауруханадан шығып, үйге жетіп, сол жерден оны Антикор қызметкерлері алып кетті. Ұлттық музейдің қазіргі басшысы халықаралық көрмелерді өткізуге бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді», деген ақпарат шықты. 

Malim.kz тілшісі мәселенің мән-жайын білу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне хабарласты. Антикор әзірше қандай да бір ақпарат бере алмаймыз деп  мәлімдеді.

Ал Мұхамедиұлы басқаратын ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметкері Айдар Қырықбаев бұл жалған ақпарат деп отыр. Қырықбаев Мұхамедиұлына қатысты сот мәліметін ұсынды. Онда «Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты мамандандырылған тергеу сотына материал түскен жоқ», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Ботагөз Баянова. Осылайша, қазіргі уақытта экс-министрді тергеу изоляторына ауыстыруға негіз жоқ», - деп жазылған.  

Бірақ, өткенде ғана Айдар Қырықбай:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің басшылық құрамына қатысты қылмыстық іс қозғады. Оған директордың орынбасарлары, бұрынғы директорлар және т.б. кіреді. "Алтын адамның" әлем музейлеріне шеруі" 2017 жылы басталды. Осы уақыт ішінде бірнеше директор мен орынбасар ауысты. Тексеріс болғанын жасырмаймыз», - деген болатын.  

Одан соң Арыстанбек  Мемлекет басшысы Тоқаевтың  атына хат жазып, араша сұрағаны мәлім. Кейін Арыстанбектің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат шығып, алайда Қырықбаев ол мәліметтің де шындыққа жанаспайтынын айтқан. Бірақ, кейбір дерек көздері Мұхамедиұлының  ауруханада жатқанын таратқан еді. 

Шым-шытырық оқиғаның әзірше өтірік-шыны белгісіз. Нақты жауапты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен күтеміз.

 

Байланысты жаналықтар

Қылмыс жасауда полиция алдына жан салмайды

14.07.2023

Мұғалімге ескерту.34 мың теңгеден артық алма, 7 млн айыппұл!

18.05.2023

Екібастұзда атыс болып, бір адам ауруханаға түсті 

16.05.2023

Қаржы  пирамидаларының қаупі азаймай тұр    

06.04.2023

Тұрлыхановтың ұлынан соққы жеген әйел 25 млн талап етіп отыр

06.04.2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы тағайындалды

05.04.2023
MalimBlocks
Қылмыс жасауда полиция алдына жан салмайды

Қазақстанда 2022 жылы 1,7 мың сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 725 адам сотталған.

Мұғалімге ескерту.34 мың теңгеден артық алма, 7 млн айыппұл!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оқушы, ата-анадан сыйлыққа ақша жинататын мұғалімдерді жауапкершілікке шақырып, ескерту жариялады

Екібастұзда атыс болып, бір адам ауруханаға түсті 

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр

Қаржы  пирамидаларының қаупі азаймай тұр    

2021-2023 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында қылмыстық қызметін жүргізіп келген

Тұрлыхановтың ұлынан соққы жеген әйел 25 млн талап етіп отыр

Әйелді ауыр соққымен сұлатып түсірген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы тағайындалды

Бұған дейін агенттік төрағасының орынбасары болған