Бақтияр Өнербаев отставкаға кете ме?

Malim Админ

  • 09.07.2020

Алматы облысына қарасты Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша шенеунікті тергеу басталып кетті. Алайда, құзырлы орган күдіктінің аты-жөнін жарияламайды.

Текелі қаласы әкімдігінің ресми сайтында аппарат басшысы деп Баходир НОРКУЛОВ деп көрсетілген.

«Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесе, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Алматы облысы Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Ол «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылатын Текелі қаласының аумағын аббаттандыру туралы жасалған шарттар бойынша Қоғамдық бірлестіктің директорынан Қоғам қызметіне жалпы қолдау көрсеткені үшін 1 500 000 теңге сомасында пара алуда күдікті болып отыр», – деп жазылған Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

Алайда, күдіктінің қылмыс жасаған-жасамағаны сотта анықталады. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ал, қылмысы анықталған жайдайда ше?

Былтыр 2019 жылдың 20 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ үкімет мүшелерімен жемқорлық бойынша жиын өткізген.

 «Жыл сайын елде 2 мың жемқорлық қылмысы тіркелді. Орта есеппен мың адам жауапқа тартылады. Барлығымыз осы әлеуметтік дертпен күресуіміз керек. Егер қол астындағы жұмысшысы парамен ұсталса, мемлекеттік органдардың басшылары жұмыстан кетуге өтініш жазуы тиіс», – деген еді мемлекет басшысы.

Бұл сөз артынша заңға айналды. «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы мәселесі бойынша ережелері 2019 жылдың 10 желтоқсанында қолданысқа енгізілген. Яғни  облыс қала әкімдері орынбасары я болмаса тікелей бағынышты мемлекеттік  қызметші пара алса отставкаға өтініш беруі тиіс.

Егер сот Баходир Норкуловты кінәлі деп тапса, Текелі қаласының әкімі Бақтияр ӨНЕРБАЕВ отставкаға арыз жаза ма?

Фото: twitter.com

 

Байланысты жаналықтар

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ағасын полицейлер алып кетпек болған

25.05.2023

Тимур Данебаев, обвинявший Токаева, оказался на скамье подсудимых

24.05.2023

Қырғызстанда Күдебаевқа көмектескен 4 адам қамауға алынды

22.05.2023

Қазақстанның жері Қытайға сатылып жатыр ма? Министрлік жауабы. 

21.05.2023

Шәкәрім университетінің директорлар кеңесінде Саясат Нұрбектің өз адамдары отыр ма?!   

19.05.2023

Шәкәрім университетінің ректоры:  Министрдің кемшілікті жамай берейін деген ойы болса керек

18.05.2023
MalimBlocks
Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ағасын полицейлер алып кетпек болған

Айдос Мелдехан бұл әрекетті өзіне жасалған қысым деп есептейді. Себебі ол қызының өлімін халықаралық дәрежеде тергеуді талап етіп келеді.

Тимур Данебаев, обвинявший Токаева, оказался на скамье подсудимых

Алматинский районный суд № 2 города Астаны рассматривает уголовное дело 38-летнего жителя столицы Тимура Данебаева, обвиняемого в разжигании межнациональной розни.

Қырғызстанда Күдебаевқа көмектескен 4 адам қамауға алынды

Наурыз айында таулы шекара арқылы Қырғызстанға із суытқан Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты Бішкекте тергеу басталды. 

Қазақстанның жері Қытайға сатылып жатыр ма? Министрлік жауабы. 

Ол сайтта арзан бағамен ашық саудаға салынып жатыр

Шәкәрім университетінің директорлар кеңесінде Саясат Нұрбектің өз адамдары отыр ма?!   

Саясат Нұрбекке тікелей қатысы бар үш адам отыруы заңға қаншалықты сай?

Шәкәрім университетінің ректоры:  Министрдің кемшілікті жамай берейін деген ойы болса керек

"Аманаттан" шыққандарды жұмыстан да шығара ма?