Берік Уәлидің «өтірігі», Тоқаевтың үндеуі және Назарбаевтың тапсырмасы

Malim Админ

  • 27.04.2020

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі Төтенше жағдайға байланысты Ақорданың ресми сайты арқылы жазбаша үндеуін жолдады. Бұған дейін Берік Уәли фейсбук парақшасында Тоқаевтың үндеуі телевизиялық форматта болатынын айтып: «Президент коронавирус жағдайына қатысты кезекті телевизиялық үндеу жариялайды» деген еді. Бірақ үндеудің күнін айтқанымен уақытын кешіктіріп барып айтқан баспасөз хатшысының "телевизиялық үндеу" дегені өтірік болып шықты.

[caption id="attachment_3086" align="alignleft" width="191"] Б. Уәлидің фейсбук парақшасынан скриншот[/caption]

Сонымен Тоқаев бүгін жазбаша үндеуін жариялады.

Тоқаев дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындықтың маңыздылығына мән беріп, экс-президент, Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың нақты тапсырма бергенін айтты.

«Біз қазірден бастап дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындалуымыз керек.

Бұл жөнінде Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің 24 сәуірде өткен отырысында нақты айтты.

Үкімет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды дайындайды.

Онда дағдарыстан зардап шеккен салаларға қолдау көрсету шаралары қамтылады.

Бүгінде еліміз дамудың жаңа деңгейіне қадам басып отыр.

Шын мәнінде, біз енді мүлде жаңа жағдайда өмір сүретін боламыз.

Сондықтан экономикаға және мемлекеттік басқару жүйесіне ауқымды әрі маңызды өзгерістер қажет», - деді Тоқаев.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады