Цой "Спутник V" үшін Боранбаевқа қанша ақша бөлінетінін айтты

Malim Админ

  • 10.02.2021

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бизнесмен Қайрат Боранбаев мен Ресей бизнесмендері иелік ететін Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенге "Спутник V" вакцинасын өндіргені үшін қанша ақша бөлінетінін айтты.

Бүгін өткен онлайн брифингіде "Азаттық" тілшісінің сұрағына жауап берген Алексей Цойдың айтуынша, Ресейдің "Спутник V" вакцинасын сатып алуға жалпы 18 миллиард теңге бөлінсе, оның 15 миллиард 170 миллион теңгесі Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенге бөлінген.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мұрат Шоранов "Спутник V" вакцинасының бір бөлігі Ресейден, бір бөлігі Қарағандыдағы фармацевтикалық кешеннен сатып алынатынын айтқан.

Алексей Цой "Спутник V" вакцинасының екі дозасын Қазақстан 26 доллардан сатып алып жатқанын айтты.

"Вакцинаның алғашқы партиясы 26 доллардан келді. Тасымалдаушыдан баға өзгеруі мүмкін деген хабарлама алдық", - деді А.Цой.

Сондай-ақ "Азаттық" тілшісі Қарағандыдағы фармацевтикалық кешен вакцинаны бастан-аяқ өзі өндірмей, Ресейден субстанцияны алып келіп, ақырғы өнім ғана дайындап шығаратынын, оны тексеріске қайтадан Ресейге жолдап, кейін "СҚ-Фармация" мен аймақтық хабтарға жіберетін ұзын-сонар тізбекке назар аударды.

"Бұл жердегі басты мәселе Қазақстан аумағында вакциналардың қолжетімді болуы, - деді А.Цой. - Ресей аумағында вакцинаны шығару мен технологиялық мүмкіндік шектеулі, өйткені бүкіл әлем сол вакцинаны сұратып отыр. Сондықтан тексерілген вакцинаны алудың кез келген әдіспен алуды қаладық. Алғашқы келісім сол субстанцияны алу бойынша жасалды. Себебі Қазақстанның өзінің технологиялық мүмкіндігі болды. Қазақстанда биологиялық препараттарды құйып, залалсыздандырып, тасымалдай алатын зауыттың болғаны – сәттілік. Алғашқы әдіс Қазақстан аумағына вакцинаны жеткізу еді, басқа мүмкіндіктер болып жатса оны да қарастырамыз", - деді А.Цой.

Оқи отырыңыздар: Ресей вакцинасына Боранбаевтың қатысы қандай?

Malim.kz ақпарат құралдарының арасынан алғашқы болып Қарағандыдағы фармацевтикалық кешеннің иелері бизнесмен Қайрат Боранбаев, Ресей олигархы Виктор Харитонин, Ресейдің бұрынғы вице-министрлері Андрей Реус пен Андрей Дементьев екеніне назар аударған. Кейін бұл тақырыпты дамытқан "Азаттықтағы" әріптестер Боранбаев пен өзге құрылтайшылар "Спутникті" Қазақстанда өндіргеннен қанша пайда табады деген мәселені көтерген. Бірнеше күннен кейін "Азаттық" тілшісіне хабарласқан Қайрат Боранбаев Қарағандыдағы фармацевтикалық кешен "Спутникті" өндіруден мүлде пайда таппайды деген. Қайрат Боранбаев көп шығынды фармацевтикалық кешеннің өзі мойнына алғанын айтқан. Әрі экс-президентпен туыстығының бизнесіне қатысы жоқтығын түсіндірген.

"Бізде маржа жоқ. Қаншаға сатып алсақ, соншаға сатамыз. Бұл баға ведомствоаралық комиссияда үкіметаралық келісіммен бекітілді, тасымалдау мен қайта ораудың шығыны ескерілмеді. Ал вакцина міндетті түрде қайта оралуы керек, өйткені ол Қазақстандағы бүкіл қалаға тасымалданады. Қаптама қазақ және орыс тілдерінде жазылуы тиіс. Бұл шығынды өзіміз көтердік. Біздікі әлеуметтік жоба. Денсаулық сақтау министрлігіне ең болмаса өндіріс шығынын өтеп беріңдер деп сұрадық. Болды. Ешкім тасымалдау шығынын ескермеді", - дейді Боранбаев.

Оқи отырыңыздар: Боранбаев “Мәлім” көтерген мәселеге жауап берді

Байланысты жаналықтар

Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

03.06.2024

Қайрат Боранбаев әлі тергеліп жатыр – ҚМА

22.05.2024

Боранбаевтың мемлекетке өткізген қонақ үйі кімге берілгені белгілі болды

03.05.2024

«Целинный»: Боранбаевты тергеуді ашық әрі әділ өткізуді сұраймыз

17.03.2022

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

20.12.2021

Алексей Цой қызметінен босатылды 

20.12.2021
MalimBlocks
Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

Бұл туралы бизнесмен 1 маусым күні Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

Қайрат Боранбаев әлі тергеліп жатыр – ҚМА

Ол осы күнге дейін 134,5 млрд теңге өтеді.

Боранбаевтың мемлекетке өткізген қонақ үйі кімге берілгені белгілі болды

Аукционның кепілді жарнасы 587 миллион ​​914 мың теңге болады.

«Целинный»: Боранбаевты тергеуді ашық әрі әділ өткізуді сұраймыз

«Целинный» мәдениет орталығы 16 наурызда экс-президенттің құдасы, кәсіпкер Қайрат Боранбаевты қолдап Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. Хат авторлары Боранбаевты Қазақстан мәдениеті, спорты мен әлеуметтік өміріне үлес қосқан адам деп бағалаған.

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

Алексей Цой қызметінен босатылды