Цойды сотқа шақыру сұралды

Malim Админ

  • 28.04.2021

«СК-Фармация» компаниясының экс-басшысы Берік Шәріптің адвокаттары Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды сотқа шақыруды сұрады.

28 сәуірде өткен сот отырысында Берік Шәріптің адвокаты Ерлан Мәкен судьядан жәбірленуші тарап (Денсаулық сақтау министрлігі) өкілінің қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмағанын алға тартып, куәгер ретінде министр Алексей Цойдың өзін шақыруды сұрады.

«Өтініштің мәні басты сот талқылауына куәгер ретінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды шақыру болып табылады. Өтініш жәбірленуші тараптың өкілі қойылған сұрақтардың жартысынан көбіне жауап бере алмауына байланысты беріліп отыр. Яғни, ол қорғау тарапының мәселелері бойынша да, сот қойған мәселелер бойынша да хабардар емес. Біз оны анықтауымыз керек», - деді Мәкен.

Ал жәбірленуші тараптың (Денсаулық сақтау министрлігі) өкілі Сержан Оралов министрді сотқа шақыру «негізсіз» екенін айтты.

«Өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұраймын, өйткені қорғаушы тарап өтінішті берген кезде жалған деректерді пайдаланды. Көптеген сұрақтарға біз жауап бермей жатырмыз дейді. Жауапсыз қалған сұрақтарға мен келесі сот отырысында жауап беремін, олардың жалпы саны небәрі бес сұрақ ғана. Министрдің сот отырысына шақыру артық, өйткені министр министрліктің атынан маған сенімхат жазды», - деді Оралов.

Судья Қанат Дүйсембаев тараптардың өтінішіне байланысты нақты шешім қабылдаған жоқ. Ол оған кейінірек қайтып оралатынын мәлімдеді.

«Егер сот жауап алмаса және министрді шақыру қажет деп тапса, мен адвокаттың өтінішіне ораламын. Оның үстіне бізде куәгерлер тізімінде бұрынғы министр Елжан Біртанов та бар, оған да сұрақтар қоя аламыз», - деді судья Дүйсембаев.

«СК-Фармация» комапиясының экс-басшысы Берік Шәріпке ҚР Қылмыстық Кодексінің 361 – бабының 4-тармағы 3 пункті (қызметтік өкілетін асыра пайдалану) және 287-бабының 2-тармағы 3-4 пункті (заңсыз қару-жарақ сақтау, алу, тасымалдау) бойынша айып тағылған.

Байланысты жаналықтар

Жаңа заң. Полиция арызға қарамай-ақ іс қозғайды

15.05.2023

Тараз тұрғыны қаңтар оқиғасында ҰҚК шендісін өлтірді деген айыппен 16 жылға сотталды

04.05.2023

Шетелге қашып кеткен Күдебаев ұсталды   

27.04.2023

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

24.04.2023

Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол әкесін сотқа берді

20.04.2023

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты. Судья шешім шығарды

17.04.2023
MalimBlocks
Жаңа заң. Полиция арызға қарамай-ақ іс қозғайды

Көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті

Тараз тұрғыны қаңтар оқиғасында ҰҚК шендісін өлтірді деген айыппен 16 жылға сотталды

Аталған сот ел арасында "аруақтар соты" деген атаумен сынға ұшырады

Шетелге қашып кеткен Күдебаев ұсталды   

Ақпаратты Бас прокурор Берік Асылов растады

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

Билікті күшпен басып алу айыбы тағылған

Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол әкесін сотқа берді

Аталған іс бойынша ертең алдын ала тыңдалым өтпек

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты. Судья шешім шығарды

Мұхамедиұлының денсаулығы нашарлап кеткен дейді