Дүйсекенова қаржы министрлігімен соттаспақ

Malim Админ

  • 07.12.2020

Ақтөбедегі белгілі шенеунік Жанаргүл Дүйсекенова Қазақстанның Қаржы министрлігінің үстінен сотқа арыз берді деп хабарлады  "Ақтөбе Таймс" газеті.

Дүйсекенова заңсыз қылмыстық қудалау үшін моральдық зиянды өтеу ретінде екі миллион теңге талап етіп отыр. "Азаматтық істі қарау аяқталуға жақын", - деп жазды басылым.

Ақтөбе әкімдігінің тұрғын үй бөлімінің бұрынғы басшысы Жанаргүл Дүйсекенова бір жылдан астам қылмыстық қудалауда болған. 2019 жылдың сәуірінде қызметтік жағдайын пайдаланып алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынған болатын.

2015-2018 жылдар аралығында Дүйсекенова басқа адаммен алдын ала сөз байласып, сенімге кіріп, бөтеннің ақшасын ірі мөлшерде иеленіп, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алып беремін деп уәде еткен. Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде 38 адам анықталып, шығын көлемі шамамен 100 миллион теңге болған.

Шенеуніктің достары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, сондай-ақ сол кездегі сенат төрағасы Дариға Назарбаеваға, бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке және Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинге ашық үндеу жазған.

Кейін сотта оның кінәлі емес екені анықталды, ақталып шықты. Тұрғын үй бөлу секторы бойынша қызметке оралған Дүйсекенова мәжбүрлі түрде бара алмаған уақыты үшін жалақысын өндіруге арыз берген. Алайда, әкімдіктегі жұмыс бөлімі және қазіргі лауазымы басқа. Соңғы бес айда Дүйсекенова Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс істеп жатыр.

Қазір қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. Оған дейін бұл қызметті Бақыт Сұлтанов, кейін Әлихан Смайлов атқарған.

Байланысты жаналықтар

Мемлекеттік қызметкерлер казиноға 507 млн теңге ұтқызған 

30.06.2023

Әуежайға келгенде Әйтенов күле береді...

27.01.2023

«Жауабыңыз қабылданбайды» – Әбдіғалиұлының сөзі Смайыловқа ұнамай қалды

17.01.2023

Вице-премьердің жалақысы - 1 жарым миллион теңге

28.06.2022

Қаржы министрі жемқорлықпен "шен беру" арқылы күреспек

09.02.2021

Қаржы министрлігі "Кітапхана" мен Ақорда шығынын айтты

07.09.2020
MalimBlocks
Мемлекеттік қызметкерлер казиноға 507 млн теңге ұтқызған 

Қаржы министрлігі қомақты қаржыны ойынға тіккен  қызметкерлерін жұмыстан шығарған жоқ,- деп хабарлайды Курсив сайты.

Әуежайға келгенде Әйтенов күле береді...

Шымкент жеріне табаны тиген сәтте премьер-министр Әлихан Смайлов  шалт қимылдапты.  Үкімет пен әкімшілік аппараты алдына-ала жоспарлап, дайындап, сызып, келісіп қойған бағыттан ауытқып, әуежайға аяқ басыпты.

«Жауабыңыз қабылданбайды» – Әбдіғалиұлының сөзі Смайыловқа ұнамай қалды

Бюджеттен ақшаның кешігіп түсу себебін отырыста баяндама жасаған Қуантыровтан да бір сұрай салуы керек пе еді...

Вице-премьердің жалақысы - 1 жарым миллион теңге

Премьер-министрдің орынбасары әрі Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзінің екі лауазымында 1,5 миллион теңге жалақы алады. Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап берген кезде айтты.

Қаржы министрі жемқорлықпен "шен беру" арқылы күреспек

Қаржы министрлігі "Кітапхана" мен Ақорда шығынын айтты