«FORTE BANK» қызметкерлерімен кездесу

Malim Админ

  • 15.12.2020

Бүгін "Nur Otan" партиясының облыстық және қалалық сайлауалды штабтарының мүшелерінің Ақтау қаласындағы "Forte bank" АҚ филиалының қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Іс-шараға штаб мүшелері Арайлым Шәмшадинова, Гүлден Иманғалиева, Мұратбек Дощанов және Абай Түрікменбаев қатысты. Кездесу барысында штаб өкілдері "Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Белсенділер бағдарламаның Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысын кешенді дамытуға бағытталғанын атап өтті.
"Біз өңірімізді қарқынды дамып келе жатқан аймаққа айналдыратын нақты шараларды ұсынамыз", - деп атап өтті олар. Қалалық және облыстық штабтардың мүшелері аймақтың дамуы мен өркендеуі үшін идеялармен алмасуға, барлық азаматтармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастыққа дайын және ашық екендіктерін мәлімдеді. Штаб өкілдері сондай-ақ банк қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, көптеген қазақстандықтар "Nur Otan" партиясының экономика, әлеуметтік-саяси өмір мәселелеріндегі ұстанымдарына ортақтасып, 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияға дауыс беруге шақырды.
"Банк секторы-ұлттық экономиканың маңызды бағыттарының бірі. Қаржы институтының ұжымы мен басшылығы "Nur Otan" партиясының бастамаларын қызу қолдап, еліміздің саяси өміріне белсенді қатысып отырғаны қуантады. Банк басшылығына партия филиалымен бірлесе отырып, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша бірқатар қоғамдық-пайдалы іс - шаралар ұйымдастыруды ұсынамын", - деді белсенді Ғани Әбдісадықов.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Ақтау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Байланысты жаналықтар

Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

13.01.2021

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

12.01.2021

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

11.01.2021

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

10.01.2021

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

04.01.2021

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған

04.01.2021
MalimBlocks
Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған