Кандидаттар ел аралап жүр

Мәжіліс депутаттығына үміткерлер өңірлердегі халықпен қалай кездесу өткізіп жатқанына El.kz ақпараттық агенттігі шолу жасапты.

  • 22.02.2023

Сайттың жазуынша, «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Шығыс Қазақстан облысындағы «Май» АҚ еңбек ұжымымен кездескен.  Шараға Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатқа партия атынан кандидаттар да қатысқан.

El.kz ақпараттық агенттігі былай дейді:

«Май» АҚ еліміздегі ең алғашқы және Орта Азия аумағындағы күнбағыс майын өндіретін ірі зауыттардың бірі.  Зауыт соңғы жылдары жабдықтарына терең жаңғырту жүргізді.  Соның арқасында зауыт тұтынушыға «П» - Премиум маркалы тазартылған, иіссіздендіріліп мұздатылған күнбағыс майын ұсынуға қол жеткізді. Зауыттың жұмыс үдерісі толығымен автоматтандырылған, күнбағыс тұқымдары қол еңбегінің араласуынсыз күнбағыс майына айналады.      

 «Біз Мәжілісте аграрийлер мен отандық азық-түлік өндірушілерін сөзсіз мемлекеттік қолдауға берік кепілдіктер беретін «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдаймыз. Отандық  бизнесті импорт қысымынан қорғау үшін жаңа кедендік-тарифтік саясатты қолданысқа енгіземіз. Квазимемлекеттік сектор арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу және кепілдендірілген сатып алу жүйесін құруға қол жеткіземіз», - деді «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Қайрат Айтуғанов.

Сайлауалды үгіт-насихат туры аясында Respublica көбасшылары мен кандидаттары Қонаев қаласына барды. Мұнда халықпен ауқымды кездесу өтіп, партия өкілдері «Respublica қарапайым азаматтардың өмірін жақсарту үшін қандай өзгерістер енгізуді көздеп отыр?» деген тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Шараға Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Динара Шүкіжанова, Руслан Берденов, Бейбіт Әлібеков, Қырмызы Жандосова, Динара Наумова, Екатерина Смолякова, Олжас Болатбеков және Бақытбек Хамит қатысты. Бұл сапарға белгілі музыкант, «Orda» тобының әншісі Дастан Оразбеков те қосылды.

Жиналғандар алдында Respublica партиясының тең төрағасы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Руслан Берденов сөз сөйледі.

«Біз –кәсіпкерлерміз, бизнестен келген істің адамдарымыз. Өздеріңіз секілді қарапайым халық арасынан шыққан жандармыз. Бизнеске алғаш келген кезде мемлекет тарапынан қиындықтар мен кедергілерге тап болдық. Біз жағдайды өзгертуді көздеп отырмыз. Біздің мақсатымыз – елді дамытып, халықтың әлеуетін жақсарту. Бізден ертеңгі күні халық үшін, жастар үшін қандай жақсылық істедіңдер деп ұрпақ сұрайды. Сондықтан, кейін ұрпақ алдында бетіміз қызармас үшін, қазір қолдан келгеннің бәрін жасау керек», - деді Берденов.

«Байтақ» жасылдар партиясының өңірлік штабтары да үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.  Бүгін 2023 жылғы 22 ақпанында "Байтақ" жасылдар партиясының Атырау өңірлік штабының үйлестірушісі Амандық Қанатбайұлы және Мәжіліс кандидаты Көшенов Марал Атырау қаласындағы  қалдықтарды жинау, тасымалдау және өңдеумен айналысатын кәсіпорын «West DALA» ЖШС ұжымымен кездесті.  

Жүздесу аясында серіктестік қызметкерлеріне алдағы науқанның маңыздылығы мен партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен түсіндірілді. Аймақтағы өткір мәселелер көтеріліп, шешу жолдары пысықталды. Атырау облысы елімізде экология жағынан қолайсыз өңірлердің бірі. Көлік санының артуына байланысты ауаның ластану деңгейі де жоғары. Өңірде құрғақшылық мәселесі де жылдан жылға күрделеніп келеді.  

ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Мақсұт Насибулов пен бір мандаттық округ бойынша кандидат Валерий Смоквин Ақмола облысы сайлаушыларымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Іс-шара барысында денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелер талқыланды.

ЖСДП өкілдері азаматтарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, МӘМС жүйесін қайта қарау, азаматтарға тегін негізде көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесін кеңейту мәселелерін көтерді.

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері өңірлерде сайлаушылармен кездесуді  жалғастырып жатыр. Бүгін партиялықтар Қарағанды облысына келді. Теміртауда экологтармен, қала белсенділерімен және өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу барысында партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген экологиялық ахуалды жақсарту шаралары талқыланды.

«Экология – азаматтардың өмір сүру сапасына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Сондықтан біздің сайлауалды бағдарламамыздың бүтіндей бір бөлімі қоршаған ортаны қорғауға арналып отыр. Біз өндіруші және энергетикалық компаниялардың заңнама аясында жұмыс істеуін қадағалаймыз. Заң талаптарын айналып өткісі келетіндерге мүмкіндік берілмейді», - деді «AMANAT» төрағасы Ерлан Қошанов.
Сондай-ақ, құжатта ластану деңгейі жоғары елді мекендердегі кәсіпорындардан шығатын қалдықтардың нормативін 40%-ға дейін төмендету көзделген. Су балансын сақтау үшін 14 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 16 су қоймасын қайта жаңарту жоспарланып отыр.

 

Байланысты жаналықтар

Симонян Қазақстанға әскер кіргізуді қалайтынын айтты

26.12.2024

Грузиядағы наразылық бір айдан бері тоқтамай тұр

26.12.2024

Байден: «Ресейдің Рождестводағы шабуылы оңбағандық»

26.12.2024

Ұшақ апаты: Грозныйға 30 минутта неге жете алмады?

25.12.2024

Молдова президенті Ресейге ескерту жасады

25.12.2024

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты

25.12.2024
MalimBlocks
Симонян Қазақстанға әскер кіргізуді қалайтынын айтты

Грузиядағы наразылық бір айдан бері тоқтамай тұр

Зурабишвилидің президенттік өкілеттігі 29 желтоқсан күні аяқталады.

Байден: «Ресейдің Рождестводағы шабуылы оңбағандық»

Ұшақ апаты: Грозныйға 30 минутта неге жете алмады?

Молдова президенті Ресейге ескерту жасады

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты