Киевке Германияның оппозиция лидері келді
Фото: Зеркало
Елдің келесі канцлері болу мүмкіндігі өте жоғары Германияның консервативті оппозициясының жетекшісі Фридрих Мерц дүйсенбі күні Киевке Украина басшылығымен келіссөз жүргізу үшін келді, деп хабарлайды Reuters.
Мерц Мәскеуге қазіргі канцлер Олаф Шольцқа қарағанда әлдеқайда қатаң позиция ұстанады. Ол Германия Украинаға Киев бұрыннан сұрап келген ұзақ қашықтыққан жететін «Taurus» зымырандарын жеткізуі қажет деп мәлімдеді, ал Ресей Украинаның азаматтық инфрақұрылымын шабуылдауды тоқтатпаған жағдайда оны тез жеткізу қажет, деген Мерц.
«Біз бұл қорқынышты соғыстың мүмкіндігінше тез аяқталғанын қалаймыз және Еуропада бейбітшілік қайта орнағанын тілейміз», – деді Мерц Киевке келісімен. Сонымен бірге, ол украиналық басшылығын өздерінің консервативті блогы қолдайтынын жеткізді.
«Тек Украина күшті болған жағдайда ғана Путин келіссөздерге дайын болады, – деді Мерц. – Егер біздің Украинаны қолдауымыз азайса, бұл соғыс ұзаққа созылады. Егер біз Украинаны тұрақты түрде қолдасақ, соғыс тезірек аяқталады».
Германия канцлері Олаф Шольц Киевке өткен аптада барған болатын.