Лукашенко Путинге баратын болды

Malim Админ

  • 30.08.2020

Ресей президенті Владимир ПУТИН мен Беларусь Республикасының президенті Александр ЛУКАШЕНКО кездесетін болды. Кремль қожайыны әріптесін Мәскеуде қабылдайтын болады. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ  РИА НОВОСТИ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей Федерациясы басшысыынң баспасөз хатшысы Дмитрий ПЕСКОВТЫҢ айтуынша, нақты кездесетін күн әлі белгіленген жоқ. Алдағы апталарда жолығады екен. Екі ел президенті Беларусьтағы жағдады талқылаған. Дәне Путин Лукашенконы туған күнімен құттықтады. Бүгін ширек ғасырдан аса уақыт президет тағында отырған Александр Лукашенко 66-жасқа келді.

«Екі президент ресей-беларусь одағын нығайту және барлық салада серіктестікті дамыта түсу жағы талқылады», - делінген Кремль ру сайты таратқан хабарламада.

2020 жылдың 9-тамыз күні Беларусьте президенттік сайлау өткен-ді. 26 жыл билікте болған Александр ЛУКАШЕНКОНЫ Орталық сайлау комиссиясы  жеңімпаз деп жариялады. (80,1 %) Алайда, бұған келіспеген халық бейбіт митингіге шықты. Полиция 7 мыңға жуық бейбіт шерушілерді қамап, жарылғыш түрлі заттар, резенке оқ, сойыл қолданды. Кісі өлімі де бар. Ресми билік 120 полиция түрлі дене жарақатын алды деп мәлімдеді. Беларусьтағы митингілер 20 күнен асып кетті. Еуропа елдерінің лидерлері  президенттік сайлауды мойындаған жоқ.  Сондай-ақ, Еуроодақ Беларусь билігіне санкция жариялады.

Фото: happylady24.ru

Байланысты жаналықтар

Назарбаевтың қызының байлығын Швейцария прокуратурасы тексеріп жатыр

12.02.2025

Ресей танымал адамдарды «террористер» тізіміне қосты

12.02.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгуды қабылдады

12.02.2025

Депутат «Азаттық радиосын» жабуды ұсынды

12.02.2025

Тоқаевпен кезіккен отандық бизнес акулалары кімдер?

12.02.2025

Әлия Назарбаеваның үстінен шағымдар көбейді

12.02.2025
MalimBlocks
Назарбаевтың қызының байлығын Швейцария прокуратурасы тексеріп жатыр

Жақында олигарх пен мемлекет арасында миллиард долларлық мәміле болуы мүмкін екені хабарланды. Ал дәл осы уақытта Швейцарияда Динара Құлыбаева сарайына қатысты тергеу басталды. Бұл кездейсоқтық па? Немесе бұл оқиғада Қазақстанның ықпалы болуы мүмкін бе?

Ресей танымал адамдарды «террористер» тізіміне қосты

Тізімде Борис Акунин, Татьяна Лазарева, Евгения Беркович, Артур Смольянинов және басқа танымал тұлғалар бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгуды қабылдады

Түрлі бағыттағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Депутат «Азаттық радиосын» жабуды ұсынды

Тоқаевпен кезіккен отандық бизнес акулалары кімдер?

Әлия Назарбаеваның үстінен шағымдар көбейді

Қазақстан кәсіпкерлердің арызы тіркелгенін алға тартып, жақын арада шақырту жіберуге уәде берген.