М.Әйтенов Эстония елшісімен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Эстония Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хейти Мяемеэспен кездесіп, Эстония мен Шымкент қаласының арасында цифрландыру және экономикалық іскерлік байланыстарды нығайту туралы әңгімелесті.
Бұл Эстония Еуропадағы ақпараттық технологияларды дамыту бойынша көшбасшы ел есептеледі. Сондықтан қала әкімі цифрландыру мәселесі Қазақстан мен Эстония арасындағы ынтымақтастықтағы маңызды бағыт екенін айтты.
- Эстонияның IT компаниялары қазақстандық нарыққа қызығушылық танытатындықтан, біз екі жақты ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Бүгінгі таңда әлемде COVID-19 тудырған қиындықтар кезінде электронды білім беру, электронды денсаулық сақтау жүйесінің шешімдері өзекті және өмірлік маңызға ие болды. Осы тұрғыда тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін шетелдіктермен жемісті қарым-қатынас орнатуды жалғастыра береміз. Шымкент – Орта Азиядағы тартымды қалалардың бірі. Мегаполис болғалы инвестиция көлемі де артып келеді. Біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі қазақ және эстон халқының игілігі үшін жаңа жобалар болады деп ойлаймын, - деді қала әкімі.
Өз кезегінде Эстония елшісі қаладағы индустриялды аймақтарға, балық шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытып отырғанын айтты. Ал жалпы, 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 36 млн еуро болған. 2019 жылғы бұл көрсеткіш 25,3 млн еуро болыпты.
Айта кету керек, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары - көлік және механикалық құралдар, химиялық өнімдер, минералдар, металдар, бағалы емес металдардан жасалған бұйымдар.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс атқарды?
Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады. Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу мәртебелі оқырман құзырында.
Тайны дела Бишимбаева
В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.