Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мамай Байбек туралы кезекті фильмін шығарды

Саясат
Мамай Байбек туралы кезекті фильмін шығарды

Тіркелмеген оппозициялық демократиялық партия ұйымдастыру тобының жетекшісі Жанболат Мамай «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек туралы кезекті фильмін шығарды.

Маусымның 4-і күні «Демократиялы Қазақстан» ютуб арнасында жарияланған фильмде Жанболат Мамай Бауыржан Байбектің отбасы мүшелеріне тиесілі бизнес орталықтар, тұрғын үй ғимараттары жөнінде айтады. Атап айтқанда, фильмде Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Мұқаметәмірұлы, апайы Айгүл Байбек, (Мұқаметәмірұлының бизнес серіктесі) ағайынды Саламат және Жомарт Ахметовтер жөнінде көрсетіледі.

Бір ай бұрын Жанболат Мамай Бауыржан Байбек туралы фильм шығарған. Осыдан кейін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары оны сотқа берген. Қазіргі уақытта сот процесі жүруде.

https://www.youtube.com/watch?v=HbOqIOnBdxI

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу