457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мамин 42 500 теңгенің кімдерге берілетінін айтты

Бүгін премьер-министр Асқар МАМИН Үкімет отырысында әлеуметтік жәрдемақының кімдерге берілетінін айтты. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралары кезеңінде табысынан айрылуы бойынша әлеуметтік жәрдемақы – ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі», – деді А. Мамин.

Қазір карантиндік шектеу шараларының екінші аптасы өтіп жатыр. Ресми органдар індеттің таралуы тұрақтады дейді. Денсаулық сақтау министрінің ұсынысы бойынша шектеу тағы да екі аптаға ұзарып, 2 тамызға дейін ұзартылған.

Қазақстанда алғаш төтенше жағдай жарияланғанда 42 500 теңге алуға 8 миллионға жуық өтініш түскен. 4,6 млн адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болатын.

Ал елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны күн сайын өсіп келеді. Бүгінгі мәлімет бойынша COVID-19 вирусына шалдыққандар саны 61755 адамға жетті. Сауыққандар саны 35 911 болса, көз жұмғандар 375 адам.

Фото: twitter.com