Мәскеуге оралған Навальныйды полицейлер ұстады

Malim Админ

  • 17.01.2021

Ресей оппозициялық саясаткері Алексей Навльный  мінген ұшақ Мәскеудің Шереметьево әуежайында қонды. Берлиннен ұшқан ұшақ Внуково әуежайында қонуы тиіс еді, "техникалық себепке байланысты" әуе рейсі басқа әуежайға жіберілген. Әуежайда төлқұжат тексерісінен өткен Навальныйды полицейлер ұстап әкетті.

Адвокатпен бірге бармақ оның адвокатын полицейлер жібермей қойды.

Алексей Навальныйдың әріптестері, Жемқорлықпен күрес қорының өкілдері полицейлер Навальныйды 48 сағат ұстап жібере салып, сотты кейін өткізуі мүмкін деп болжайды. Бірақ бұлтартпау шарасын белгілейтін сот көп кешікпей бүгін-ертең өтуі ықтимал.

Жазаны орындау жөніндегі федералды қызмет Навальныйға іздеу жариялап, елге оралған жағдайда қамалатынын ескерткен болатын.

Берлиннен Мәскеуге бағыт алған ұшаққа мінген Навальныйдан  тілшілердің бірі  "Мәскеуге ұшып келген соң сізді тұтқынға алады деп қорықпайсыз ба?" деп сұраған. Оған А.Навальный: "Мені тұтқындай ма? Ол мүмкін емес нәрсе", - деді.

Внуково әуежайында саясаткер Алексей Навальныйды күтіп алмақ болған жүздеген адамды ОМОН мен полиция жасақтары ығыстырып, сыртқа шығарды. Навальныйдың жақтастары оларға "Фашистер" деп айғайлады.  Полиция сыртта адамдарды ұстай бастады. Навальныйды күтіп алуға келген жақтастары Любовь Соболь, Руслан Шаведдинов пен Константин Котов, Анастасия Кадетова, Илья Пахомов пен Алексей Молокоедов одан бұрынырақ әуежай ғимаратында  ұсталды. Внуково әуежайында барлығы 52 адам ұсталды.

Навальный Берлиндегі Шарите ауруханасына 22 тамыз күні Ресейде уланған соң жеткізілді. 20 тамыз күні Томскіден Мәскеуге ұшқан әуе рейсінде Навальный халі күрт нашарлап, ұшақ Омбы әуежайына қонды. Саясаткерді жедел жәрдем жергілікті ауруанаға жеткізген. Навальный комада болған.  Берлиндегі Шарите ауруханасына жеткізілген Навальный "Новичокпен" уланған делінді.

 

 

Байланысты жаналықтар

Сот Навальныйды түрмеге қамау туралы шешім шығарды

02.02.2021

Ресейде Навальныйдың жақтастарын жаппай ұстап жатыр

21.04.2021

500 мың адамдық наразылық: Навальный жақтастары митингке дайындалуда

24.03.2021

Навальныйдың жақтастары полицейлерді қармен атқылап тастады (видео)

23.01.2021

2020 жылы қазақтар Айсұлтанды көп іздепті

30.12.2020

Алексей Навальный Мәскеуге ұшып келе жатыр

17.01.2021
MalimBlocks
Сот Навальныйды түрмеге қамау туралы шешім шығарды

Ресейде Навальныйдың жақтастарын жаппай ұстап жатыр

500 мың адамдық наразылық: Навальный жақтастары митингке дайындалуда

Навальныйдың жақтастары полицейлерді қармен атқылап тастады (видео)

2020 жылы қазақтар Айсұлтанды көп іздепті

Алексей Навальный Мәскеуге ұшып келе жатыр