Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Назарбаевты Ресей дәрігерлері аман алып қалыпты

Саясат
Назарбаевты Ресей дәрігерлері аман алып қалыпты

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫ коронавирустан Ресей дәрігерлері емдепті. Бұл туралы Елбасы Ресей басшысы Владимир ПУТИНМЕН болған кездесуде айтты.

«Шын жүректен Қазақстанды пандемия кезінде қолдаған Ресей тарапына алғыс білдіргім келеді. Мен ауырған кезде бір топ ресейлік дәрігер он күн қасымда болды. Оны ешқашанда ұмытпаймын. Бұл өмірімдегі шешуші ем-дом алған кез еді. Мен оны ұмытпаймын», - деді Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр маусым айында «Nur Otan» партиясының төрағасы коронавирусқа шалдыққан. Биыл маусым айында екпе қабылдады.  

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу