«Ол шіркеуді де бомбалауға дайын!» – «Рождествошыл» Путиннің әрекетіне әлем не дейді?

Құдайшыл бола қалған Путин және әлем

  • 06.01.2023
В.Путин Спасо-Преображенский шіркеуінде, 2020 ж. / Фото: eg.ru

 

Путин христиандардың діни мерекесі «Рождество» қарсаңында соғысты 36 сағатқа тоқтату туралы бұйрық берді. Және ол Украина тарапын да осыған үндейді.

«Әскери қақтығыстар аймағында православ сеніміндегі азаматтардың көптеп тұратынын ескере отырып, Украина тарапын атысты тоқтатуға шақырамын», - деген Путиннің сөзін оның баспасөз қызметі таратты.

Бірақ, Путиннің бұл әрекетін Украина тарапы қулық деп есептейді. Украина президенті Влодимир Зеленский Путиннің үндеуіне қатысты мәлемдемесінде:

«Қазір бұлар Рождествоны бүркемелеу мақсатында пайдаланбақ, Донбасстаға біздің сарбаздардың екпінін басып, техникасын, қару-жарағы мен мобилизацияланған азаматтарын біздің бекінісімізге жақын жерге орналастырғысы келеді. Бұдан не шығады? Тағы да сол қырғын көлемін өсіреді», - деді ол.

Ресей президентінің үндеуіне алғашқылардың бірі болып АҚШ президенті Джо Байден де пікір білдірді. Ол Путинге сенуге болмайтынын, оның аяқ асты дінді құрметтеп, құдайды есіне ала қалуы қулық деп есептейді.

«Мен Путинің айтқандарына қатысты жауап бергім келмейді. Бұл қызық нәрсе сияқты көрінеді маған. Ол ауруханаларды, балабақшаларды, шіркеулерді бомбалауға дайын екенін 25-інде де (желтоқсан), Жаңа жылда да көрсетті. Меніңше ол ес жиып алуды көздейді», - деді Байден.

Осыған ұқсас пікірді Ұлыбритания да, БҰҰ мен Еуроодақ та білдірді. Олар да 36 сағатқа соғысты тоқтатудың ешқандай адамгершіліктен тумағанын, жай ғана қулық екенін айтып жатыр.

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

Зеленский Анкараға жетті