Өңірлік кадр резервіне 505 адам қабылданды

Салалық бағыттар мен резервшілердің санын өңірлік кадр комиссиялары белгіледі

Malim Админ

  • 28.08.2024

Қазақстанның өңірлік кадр резервтеріне барлығы 505 адам қабылданды. Бұл мамандар жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурссыз орналаса алады.


Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу ақпан-тамыз айлары аралығында өткізілген болатын. Кадр резервін құру кезінде өңірлерді дамытудың ерекшелігі мен басымдықтары ескеріліп, 7 бағыт (индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылым, агроөнеркәсіп кешені және жер қатынастары, цифрландыру және экология) бойынша жүргізілді. Ал нақты салалық бағыттар мен резервшілердің санын өңірлік кадр комиссиялары белгіледі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ақпараты бойынша, құжаттар 1-31 наурыз аралығында қабылданды. Жобаның ресми сайтында барлығы 11 505 адам тіркелген, оның ішінде 5 354 кандидат іріктеуге қатысуға жіберілді.
Заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу кезеңі өңірлерде орналасқан тестілеу орталықтарында офлайн форматта өткізілді. Бұл ретте, заңнаманы білуге арналған тестілеуге - 5 354 адам, жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуге – 2433 кандидат жіберілді.
Құзыреттілікті бағалау кезеңі Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта Ассессмент-орталық әдісімен өткізілді. Осы кезеңге барлығы 1031 кандидат жіберілді. Ассессмент-орталыққа 939 адам (94%) келіп, 62 адам (6%) келмеген.
«Өңірлік кадр комиссиясында құрылымдық сұхбат» кезеңіне 810 адам өтіп отыр. Сұхбат кандидат таңдаған салалық бағытқа сәйкес жобаны таныстыру форматында жүргізілді.
- 23-26 тамызда өңірлік кадр комиссияларының қорытынды отырыстарында өңірлік кадр резервтеріне қабылданатын кандидаттардың тізімдері айқындалды. Іріктеудің нәтижелері бойынша өңірлік резервтерге барлығы 505 адам қабылданды, - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
Өңірлік кадр резервтеріне қабылданған адамдардың тізімі жобаның onir.pkrezerv.gov.kz ресми сайтында жарияланды. 

Фото: akwatoria.ru  

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

01.04.2025

Дариға Назарбаева Астанадан Дубайға немерелерімен ұшып кетті - журналист

01.04.2025

Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталған. Әкімдік не дейді?

01.04.2025

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

Дариға Назарбаева Астанадан Дубайға немерелерімен ұшып кетті - журналист

Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталған. Әкімдік не дейді?

Астанада әкімдік аумағындағы алаңнан Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері бар стендтер алып тасталған

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді