Өз еркімен кететін шенеунік: Экс-әкім енді экс-директор

Malim Админ

  • 19.05.2021

Адам өлімінен кейін қызметінен кеткен Өскемен қаласының экс-әкімі Қуат Тұмабаев сауда және интеграция министрлігінде екі жылға жуық жұмыс істеген. 

Тұмабаевтың биографиясындағы адам өлімімен қатысы бар "қара дақтарына" қарамастан қызметке алған сауда және интеграция министрлігі бүгін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді. Онда ведомстваның баспасөз қызметі Қуат Тұмабаевтың өзін білікті маман ретінде көрсеткенін және жұмысқа конкурс арқылы орналасқанын айтқан.

«Тұмабаев сауда және интеграция министрлігіне экспортты қолдау департаментінің директоры болып 2019 жылдың қазан айында қызметке орналасты. Қызметке қабылдау кезінде Тұмабаев қойылатын талаптарға сай болды және өзін экспортты жылжыту саласында білікті маман ретінде көрсетті», - делінген мәлімдемеде.

Бұдан бөлек, сауда және интеграция министрлігі Қуат Тұмабаевтың  "2021 жылдың 11 мамырында өз еркімен қызметінен кеткенін" хабарлады. 

2018 жылы сәуір айында Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жергілікті әкімнің орынбасары Бауыржан Қуанбаев мас күйінде BMW X5 көлігімен жаяу жүргінші Евгений Смольниковті қағып кетіп, салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болған. Осы жылдың маусым айында сот Қуанбаевты бір жылға бас бостандығынан айырып, бес жылға көлік жүргізу құқығын шектеген. Оқиға болған уақытта Бауыржан Қуанбаевтың қасында дәл осы Қуат Тұмабаев болған.

Бұдан бөлек, іс барысында қайтыс болған Евгений Смольниковтің әкесі Виктор Смольниковтің үйінің алдында соққыға жығылғаны белгілі болған. Аталмыш оқиға бойынша іс қозғалып, облыс әкімі Даниал Ахметов халықты «алдын ала тон пішпеуге» шақырған.

2018 жылы тамыздың 1-і күні осы іске қатысты Риддер қаласының жол-потрульдік қызметінің полиция инспекторы Сымбат Қарақұлов жұмысынан босатылған. Ол оқиға кезінде Тұмабаевтың мас күйінде рөлде болғанын және полицияның тоқта деген бұйырығына құлақ аспағанын айтқан. Кейіннен Қуат Тұмабаев инспекторды ар-намысыма тиді деген желеумен сотқа беріп, жеңіліп қалған.

13 тамызда облыс әкімі Даниал Ахметов Қуат Тұмабаевқа отставкаға кетуге ұсыныс жасаған Арада үш күн өткен соң, тамыздың 16-ы күні Тұмабаев қызметінен кетіп, оның орнына Жақсылық Омар келген.

 

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

07.05.2025

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

28.04.2025

"Ким Чен Ынға ұқсайды". Желіде Қасым Қайсеновтің ескерткіші қызу талқыға түсті

27.04.2025

Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

25.04.2025

Өскемен тұрғыны қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеп жіберген

23.04.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

"Ким Чен Ынға ұқсайды". Желіде Қасым Қайсеновтің ескерткіші қызу талқыға түсті

Өскеменде халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Өскемен тұрғыны қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеп жіберген