"Pegasus" тыңшылығы: Тізімге тағы үш шенді енді

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 03.08.2021

«Pegasus» тыңшылық бағдарламасымен телефоны тыңдалған шенділер саны тағы үш адамға толықты.

Жемқорлық және ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының (OCCRP) сайтында телефоны тыңдалған қазақстандықдардың кезекті тізімі жарияланды. Онда экс-депутат Владимир Божко, Қазақстан темір жолы компаниясының бұрынғы басшысы Сауат Мыңбаев және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешов бар.

Билік тапсырысы бойынша телефонын тыңдалған адамдардың тізімін «Pegasus Project» шілденің 18-інен бастап жариылай бастаған. Бұған дейін жарияланған тізімде «Pegasus» тыңшылық жасады делінген адамдардың арасында құқық қорғаушылар мен журналистерден бөлек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Асқар Мамин, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есімдері болған.

«Pegasus» дауынан кейін Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы Қалмұханбет Қасымов қызметінен кеткен.

Байланысты жаналықтар

LRT ісі: Тасмағамбетов пен Сағынтаевты сотқа шақыру талап етілді

08.09.2021

Мыңбаевтың орнына Сауранбаев барды

08.04.2021

Мыңбаев отставкаға кетуге мәжбүр болған

30.03.2021
MalimBlocks
LRT ісі: Тасмағамбетов пен Сағынтаевты сотқа шақыру талап етілді

Мыңбаевтың орнына Сауранбаев барды

Мыңбаев отставкаға кетуге мәжбүр болған