Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Malim Админ

  • 02.05.2024

Ренат Бектұров АХҚО-ның былтырғы және биылғы I тоқсанда атқарған жұмысының нәтижелері баяндап, орталықты дамыту жоспарымен таныстырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қаржы орталығы іске қосылған сәттен бері елімізге 11 миллиард доллардан астам (2023 жылғы және осы жылдың алғашқы 3 айындағы 3,5 миллиард доллар қаржыны қоса алғанда) инвестиция тартуға атсалысқан.

Бұл 2025 жылға алдын ала белгіленген мақсатты көрсеткіштен асқан.

Өткен жылы АХҚО-да тіркелген компаниялардың саны 670-тен (жалпы әлемнің 78 елінен 2600-ден аса компания) асқаны жөнінде мәлімет берілді. Бұл — рекордтық көрсеткіш.

Былтыр және осы жылдың алғашқы үш айында Орталық қатысушылары мемлекет бюджетіне 48,7 миллиард теңге салық төлеген.

Дауларды шешуде АХҚО соты мен Халықаралық арбитраж орталығы сияқты институттар табысты жұмыс істеп жатыр. 2023 жылы 767 коммерциялық іс қаралған.

Президент қаржы орталығын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар өзекті міндетті айқындап берді. Атап айтқанда, АХҚО-ның өңір үшін жасыл қор тарту және Орта дәлізді дамыту ісіндегі рөліне тоқталды.

Еліміздегі «жасыл» облигациялар мен кредиттердің 60 пайыздан астамы АХҚО Жасыл қаржы орталығының қолдауымен берілді.

Қаржы орталығының юрисдикциясында орта дәліз жобасы аясында бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда мәмілелер жасау үшін АХҚО инфрақұрылымын белсенді пайдалана отырып, Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға көмектесетін барлық мемлекеттік орган мен оған жетекшілік ететін қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру қажет екеніне назар аударды. 

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

02.04.2025

Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

02.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

01.04.2025

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

01.04.2025

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады,

Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты қабылдады

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірлеген

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді