Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Жыл басынан бері қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалған

Мадина Қайнарова

  • 19.09.2024

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады.

Министр еліміздегі криминогендік ахуал жайында мәлімет берді. Оның сөзінше, жыл басынан бері қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалған. Атап айтқанда, қылмыстық құқық бұзушылықтар саны төрт мыңға, соның ішінде қылмыс жеті мыңға азайыпты. Қоғамдық орындарда жасалатын және кәмелетке толмаған азаматтардың қатысы бар құқық бұзушылықтар төмендеген. Сондай-ақ қылмыстың барлық түрін ашу көрсеткіші де айтарлықтай жақсарған.

Сонымен қатар Ержан Сәденов ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті арттыру жөнінде бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.

«Заң және Тәртіп», құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын іске асыру, сондай-ақ қылмыстың алдын алу шаралары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдай туралы ақпарат берді.

- Жыл басынан бері әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу көрсеткіші 45 пайызға ұлғайған, соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылғандар 30 пайызға, жол жүру ережесін бұзу фактілерін анықтау 47 пайызға артты. Нәтижесінде жүргізуші куәлігінен айырылғандар саны екі есе көбейген, - деді министр.

Мемлекет басшысы елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады