Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады
Кездесуде облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды.
Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар, деп хабарлайды Ақорда.
Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауылшаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған.
Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.