Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қайрат Сатыбалдының бақылауындағы компания басшылары қамалды

Саясат
Қайрат Сатыбалдының бақылауындағы компания басшылары қамалды

Қайрат Сатыбалдының бақылауындағы екі компанияның басшылары қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді. 
Қазір Қ. Сатыбалды, Г. Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты тергеу жалғасып жатыр.  

«Тергеу барысында Қ.Сатыбалдыұлының бақылауындағы кәсіпорындардың – кірме теміржол желілері  иелері  ұрлығының қосымша фактілері анықталған. Аталған тұлғалар Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен елдің қала құраушы кәсіпорындарына кірме жолдардың қызметтеріне тарифті негізсіз көтеру арқылы бірнеше миллиардтық пайда тапқан. Бұл өз кезегінде азаматтар үшін тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің бағаларының артуына бағытталған» делінген хабарламада. Қ. Сатыбалдыұлының сыбайластары сот санкциясымен қамауға алынды. Енді сот кінәлілік туралы қорытынды шешім шығарады. Басқа да ақпараттар тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.           


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу