Қаңтар оқиғасы. Ұлттық қауіпсіздік қызметкері Сәбит Құрманәлиев сотталды

ҰҚКД ғимаратын басып алуға әкеп соқтырды

Malim Админ

  • 07.04.2023

Талдықорған сотында лауазымды адамның билігі мен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша Сәбит Құрманәлиевка қатысты іс қаралды.   

Сәбит Құрманәлиев Алматы облысы ҰҚКД бастығы кезінде өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, 2022 жылғы 5 қаңтардағы оқиғаларды ескере отырып, өз лауазымдық міндеттерін елемей, жеке құрамға департамент ғимаратын қорғау жөнінде шара қолданбауға, әкімшілік ғимараттан кетуге, қызметтік және құпия құжаттаманы жоюға және тұрғылықты жерлеріне тарауға заңсыз бұйрық берген, нәтижесінде кейіннен ҰҚКД ғимаратын басып алуға әкеп соқтырды («құпия» деген белгіге байланысты басқа мән-жайды жария ету мүмкін емес).

Сот үкімімен Сәбит Құрманәлиев 362-баптың 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 10 жыл құқық қорғау органдарында белгілі бір лауазым атқару құқығынан және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Президент Тоқаевқа Сәбит Құрманәлиевті ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағынан және мемлекеттік наградалар мен ордендерден айыру туралы ұсыныс енгізілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

11.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады

09.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады