Қазақстан Швейцариядағы бейбітшілік саммитіне қатыса ма

Бұл жиын Украина билігінің өтініші бойынша ұйымдастырылмақ.

Malim Админ

  • 03.06.2024

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Швейцариядағы бейбітшілік саммитіне Қазақстанның қатысуы мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Бұл саммитке еліміздің қатысуы халықаралық іс-шаралар кестесіне сәйкес және осы мәселе бойынша Қазақстанның ресми ұстанымын ескере отырып қаралады. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Украина және Ресеймен тарихи жағынан бірдей тығыз саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты қолдайды. Біз әрқашан барлық елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау және БҰҰ Жарғысы қағидаттарын орындау тұрғысынан сөйлейміз. Осы жағдайда біз халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысы қағидаттары негізінде бұл қақтығысты осы елдер арасындағы екіжақты қатынастар деңгейінде тек бейбіт жолмен шешуді дәйекті түрде қолдаймыз, - деді А. Смадияров министрліктегі апталық баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, биылғы 15-16 маусым аралығында Швейцарияда Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты саммит өтеді. Бұл жиын Украина билігінің өтініші бойынша ұйымдастырылмақ.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Қазақстан азаматтығын алатындарға қазақ тілін білу міндеттелді

14.10.2024

Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы қатынасты нығайтуға ниетті

11.10.2024

Қазақстан бидайы Қытайға экспортталады

07.10.2024

Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

07.10.2024

Таяу Шығыстағы шиелініс: Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

02.10.2024

Қарсылас - азулы Аргентина. Қазақ футзалшылары Мессидің жерлестерін жеңе ала ма?

30.09.2024
MalimBlocks
Қазақстан азаматтығын алатындарға қазақ тілін білу міндеттелді

Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы қатынасты нығайтуға ниетті

Қазақстан бидайы Қытайға экспортталады

Арпа және жемшөп дақылдары – бүкіл Қытай бойынша экспортталады

Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 млн 284 мың 487

Таяу Шығыстағы шиелініс: Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Қарсылас - азулы Аргентина. Қазақ футзалшылары Мессидің жерлестерін жеңе ала ма?

Екі құрама бұған дейін екі мәрте кездесті.