Қазақстандағы «Азаттық радиосының» орыс редакциясы жабылады

Медиа корпорация Орталық Азияны қамтитын жаңа аймақтық бөлімше құруды жоспарлап отыр.

Malim Админ

  • 26.08.2024

«Азаттық радиосы» Қазақстандағы орыс редакциясын жабады. Бұл жөнінде Bes Media хабарлады. Аталған ақпаратты құрамына еліміздегі филиал кіретін «Азат Еуропа /Азаттық радиосы» (RFE/RL) медиа корпорациясы растаған.         


Қазақстандық филиалдың жұмысын қайтадан қалай үйлестіреді?   

«RFE/RL бүкіл Орталық Азия бойынша Ұлттық тілдерде және орыс тілінде тәуелсіз және бейтарап жаңалықтарды ұсынуға толық дайын. Біз ішкі құрылымдар мен процестердің тиімділігін ескере отырып осындай шешімге келдік. Бүкіл Орталық Азияны, соның ішінде Қазақстанды қамтитын жаңа өңірлік бөлімше құру үшін ресурстарымыз бен кадрларымызды біріктіретін боламыз. Бұл бірізділікті болдырмауға және кәсіби журналистикаға қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді», - деп хабарлады BES сұрағына жауап берген "Азат Еуропа /Азаттық радиосы" медиа корпорациясының сыртқы коммуникациялар жөніндегі директоры Карин Мари.

Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда және Түрікменстанда орыс және ұлттық тілдердегі әртүрлі филиалдардың орнына Орталық Азияның бір бөлімшесі құрылады. Оның ашылуы қай уақытқа жоспарланғаны әзірге белгісіз.  

«Азаттық» медиа корпорациясы демократия мен азаматтық қоғамның құндылықтары шектелген, баспасөз бостандығына билік тыйым салған немесе кедергі келтіретін елдерде ақпарат таратады. "Азаттық радиосы"-ның Беларусь, Украина, Молдова, Румыния, Болгария, Босния және Герцоговина, Солтүстік Македония, Косово, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және басқа да мемлекеттерде филиалдары бар.

Фото: rferl.org

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды