Ресейде жағдай қиындап барады

Іс қарулы бүлік ұйымдастыру фактісі бойынша қозғалды

Malim Админ

  • 24.06.2023

«Біз Ростовты жауып, Мәскеуге барамыз!». «Әділдік шеруін» жариялаған Ресейлік «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожин алған бетінен қайтар емес.  ФСБ оған қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ведомство Ресейдің әскери басшылығын сынап, оны «жазалауға» уәде берген Пригожиннің мәлімдемелеріне реакция білдірді. Іс қарулы бүлік ұйымдастыру фактісі бойынша қозғалғаны нақтыланды.

«2023 жылдың 23 маусымында ресейлік ФСБ Тергеу басқармасы заңды және негізді түрде Е.В.Пригожинге қарсы қарулы бүлік ұйымдастыру фактісі бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 279-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оның әрекеті толықтай сараланады. Бұл қылмыс үшін 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған», - деді РФ Бас прокуратурасы.

Еске салайық, 24 маусымға қараған түні Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген.

Вагнер тобын ресейлік кәсіпкер Евгений Пригожин құрған және өзі басқарады, құқықтық мәртебесі белгісіз ресейлік мемлекеттік емес қарулы ұйым.

2014 жылдан бері бұл топ Украинада, одан кейін Сирияда әрекет етуде. 2017 жылдың маусымында “Вагнер” ЖӘК АҚШ-тың санкциялар тізіміне енді. 2022 жылдың қыркүйегіне дейін “Вагнер” кем дегенде 5 786 ресейлік тұтқынды жұмысқа алды, олардың шамамен 2 036-сы Украинадағы соғыс аймағына жіберілді.

Байланысты жаналықтар

Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

19.05.2025

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025
MalimBlocks
Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған