Шабалаңдама деген депутат президентті мақтады

Malim Админ

  • 13.06.2020

Өткен аптада Qaznet-те «жұлдызға» айналған депутат Бақытбек СМАҒҰЛ фейсбукте «Президенттің 1 жылы – өркендеу жолындағы өткелдер» атты жазбасын жариялапты.

Естеріңізге сала кетейік, 6 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен митинг кезінде депутат шерушілердің алдынан шыққан еді. Алайда, онда айтқан сөзі көпшіліктің сынына ұшырады. Депутат: «Шабалаңдама. Келгеніме рахмет айт. Сен сияқты жаман қатындар халықты араңдатады», - деген еді. Ол туралы МӘЛІМ КЗ жазған-ды.

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бір жылдық президенттігіне баға берген депутат бұл жолы лексиконына бейәдеп сөздер қоспаған.

«Өткен 1 жыл ішінде Мемлекет басшысы ұсынған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бос сөз емес екеніне, мән-мазмұнмен астасқан, нақты істермен үйлескен пәрменді тұғырнамаға айналғанына көз жетті. Осының арқасында Қазақстанда әлеуметтік мәселелер саясат галактикасының шеткері аймағында қалып қоймады: халық тұрмысын көтеру ісі күн тәртібіндегі бірінші орындарға шықты», - деп жазады мәжіліс депутаты.

Қысқасы, депутат президент жұмысына тек оң бағасын берген. Бір қызығы нұротандық депутат Б. Смағұл Тоқаев құрған Ұлттық сенім кеңесін «Халықтық парламентке» теңепті. Сонда қос палаталы парламентіміз халықтық емес пе?

«Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін әлемдегі күрделі жағдайда қолына алды. 2019 жылы Қазақстанның басты экономикалық серіктестері өзара геосаяси тайталасқа түсіп, Батыс елдері Ресейге қарсы қатаң санкцияларын одан әрі қатайтып жатты. АҚШ пен Қытай арасында «сауда соғысы» бастау алды. Жыл соңында шығыс көршіде коронавирус ошағы туындап, арты жаһандық пандемияға ұласты.
Осы 1 жыл ішінде Қасым-Жомарт Кемелұлына:
• Арыстағы жарылыс;
• Қордайдағы қазақ-дүнген арасындағы ірі жанжал;
• Атыраудағы Теңіз кен орнындағы жергілікті жұмысшылардың шетелдік экспаттарға қарсы жаппай бас көтеруі;
• Bek Air ұшағының құлауы;
• жаһандық коронавирус пандемиясы;
• Мақтаарал ауданының тасқын астында қалуы секілді жаңа сын-тегеуріндерді еңсеруіне тура келді.
Президент Қ.Тоқаев шын мәнінде «халықтық Парламентке» айналған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды. Сөйтіп, қоғамдық диалогтың ұлттық моделін түзді. Өзім кіретін бұл құрылым қысқа уақыт ішінде саяси реформалардың, ұлттық саяси жаңғыру процесінің заңнамалық ұстынын түзуге сүбелі үлес қосты»
, - деп жазады депутат.

Фото: facebook.com

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Оңтүстік Африка халқын азаттық күнімен құттықтады

27.04.2025

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

24.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы істер министрін қабылдады

23.04.2025

Тоқаев пен Бердімұхамедов «Этноауыл» кешеніне барды

21.04.2025

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

21.04.2025

Тоқаев пен Бердімұхамедов Түркістанда кездеседі

20.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Оңтүстік Африка халқын азаттық күнімен құттықтады

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ Хорватияның сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады

Тоқаев пен Бердімұхамедов «Этноауыл» кешеніне барды

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Моңғолия, Шри-Ланка және Даниядағы елшілерін тағайындады

Тоқаев пен Бердімұхамедов Түркістанда кездеседі