Сайрагүл халықаралық «батыл әйел» сыйлығымен марапатталды
АҚШ мемлекеттік департаменті Қытай үкіметі тарапынан қуғын көріп, Қазақстанға қашып өткен және Қытайдың саяси лагерьлеріндегі адам төзгісіз жағдайларды айтқан Сайрагүл САУЫТБАЙДЫ «Халықаралық батыл әйелдер» сыйлығымен марапаттады.
АҚШ Сауытбайдың батылдығын – «Қытайдың мұсылмандарды қудалау кампаниясы туралы алғаш ашық айтқан адамдардың бірі» деп бағалады.
«Оның куәлік беруінің арқасында халықаралық қауымдастық алғаш рет Қытай коммунистік партиясының мұсылмандарды қудалау саясаты туралы білді», делінген АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде.
Қазақстанда бір жылдан аса уақытқа созылған «Сайрагүл ісі» бойынша соттың нәтижесінже Сауытбай Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмай, 2019 жылдың 3 маусымда Швециядан саяси баспана алып, сонда кеткен. Қазір отбасымен бірге сонда тұрып жатыр.
Сайрагүл Сайытбай лагерьге қамалса өзінің өлетінін біліп, 2018 жылдың сәуірінде "Қорғас" кеден бекеті арқылы Қазақстанға "шекараны заңсыз кесіп өткен".