Сәтбаевтағы жанжал: Айыпталушылар прокурормен келісімге келді

Malim Админ

  • 13.05.2021

Сәтбаев қаласындағы жанжалға қатысты сотқа тартылған айыпталушылар прокурормен процессуалды келісімге келді.

Келісімге сәйкес, айыпталушылар тағылған айыппен, көрсетілген дәлелдермен және прокурор сұраған жазамен келісіп, үкімге шағым түсірмейді.

Былтыр Сатбаевта жергілікті тұрғындардың бірі кішкентай қызды зорлады деген хабар тарағаннан кейін, жүздеген адам күдіктінің үйіне барған. Оның арты полиция мен наразылар арасындағы жанжалға ұласып, салдарынан ондаған адам зардап шеккен.

Прокурор жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және бассыздыққа шақырды деп айыпталғандарға түрме жазасын сұраған. Атап айтқанда, тоғыз адамды үш жылға түрме жазасына кесуді, 44 айыпталушыға 4 жыл шартты жаза, 2 айыпталушыға бір жарым жыл шартты жаза сұрады.

Сатбаевтағы жанжалға байланысты 57 адамға айып тағылған. Екі адамға ідеу жарияланған. Олардың ісі бөлек тергеліп жатыр. Төрт адам "жаппай бассыздық ұйымдастырды" деп, екі адам "жаппай бассыздыққа шақырды" деп, 51 адам "төбелеске қатысты" деп айыпталған. 42 сотталушыға "билік өкіліне күш көрсетті" деген қосымша айып тағылған.

Сотқа тартылғандар арасында екі жасөспірім мен алты әйел бар. 45 айыпталушы бірнеше айдан бері тергеу изоляторында отыр. Сот үкімінің қашан шығатыны әзірге белгісіз.

2020 жылдың шілде айында Сәтбаевта «62 жастағы ер адам кішкентай қызды ұрлап әкетіп, зорлады» деген ақпарат тараған. Кейіннен қалада жаппай тәртіпсіздік болған. Күдікті тергеу изоляторында асылып қайтыс болған. Полиция «ол өз-өзіне қол жұмсады» деген қорытынды жасаған. Қазір ерлі-зайыпты екі адам «адам ұрлады», «зорлады», «жыныстық сипатта зорлық-зомбылық жасады» деген күдікпен қамауда отыр. Олардың соты жабық режимде өтуде.

 

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды