Саясаткер: Назарбаев «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» емес    

1995 жылғы Конституцияда ондай норма жоқ

Malim Админ

  • 26.04.2022

Назарбаевтың туралы конституциялық заң күшін жояды. Алайда, ол заңда экс-президентке «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» деген статус берілмек.    Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы осындай шешімге келіп отыр.


Жұмыс тобының ұйғаруымен Назарбаевтың өкілеттіктеріне қатысты барлық норма алып тасталмақ.  «Заңда экс-президенттің жаңа мәртебесі бекітілмейді, тек оның тарихи рөлі нақтыланады» деді осы топтың мүшесі Әбдірасылов.  
Әбдірасыловтың айтуынша, бұл статустың маңызы зор.  

«Себебі оның еңбегі, қазіргі объективті деректер, оны біз бәріміз көріп отырмыз, оны бүкіл әлем көрді, ол Конституцияда бекітілетін болады», - деп мәлімдеді ол.
Ал саясаткер Балташ Тұрсымбаев Ата Заңға мұндай мәртебені енгізудің негізі жоқ деп санайды.

 «1995 жылғы Конституцияда ондай норма жоқ. Бірақ, бұлар Назарбаевты әспеттеп, заңға жазып қоймақшы. Бұл – заңға қарама-қайшы. Ол Қазақстан Тәуелсіздігінің негізін қалаған жоқ. Конституцияда «Байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті құрған» қазақ халқы», дейді ол.  

Өткен аптада министр Қ.Мусин Назарбаевқа қатысты заң өзгере ме деген сауалға жауап берген. Мусин өз сөзінде «Қазақстан Конституциясы бойынша заңнамалық бастама жасау құқығы үш субъектіге – президентке, үкіметке және парламент депутаттарына тиесілі. Тұңғыш президент туралы заңнаманың күшін жою немесе өзгертулер енгізу туралы парламентке ұсыныс енгізуге құқығы жоқ»,  деген. 

Сондай-ақ, министр аталған заңға өзгеріс енгізу үшін халық пікірі ескерілетінін айтқан болатын. Алайда, Ата заңды өзгерту бойынша жұмыс тобы аса сеніммен сөйлеп отырғанына қарағанда, бұл  мәртебе енгізілмей тоқтамайтын сияқты.

Айбын Атабай       
 

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады