Сот Арман Шораевты кінәлі деп тапты 

Ол сот шешімімен келіспейтінін айтты

Malim Админ

  • 14.03.2023

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  Арман Шораевқа қатысты шешім шығарды. Ол Қазақстан Халықтық партиясынан үміткер Нұрия Балтабайқызының  ар-намысына  нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Шораев өзінің әлеуметтік парақшасында жазба жариялады.   

«Бүгін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мені ҚР ӘҚБтК 104-бабы бойынша Қазақстан Халықтық партиясынан кандидаттың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін кінәлі деп таныды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Оның күшіне енуі үшін 10 күн қажет, яғни 2023 жылдың 24 наурызына дейін. Әрине, шығарылған сот актісімен келіспеймін, шағымданамын. Өкініштісі, мұндай шағымды қарау сайлау өтіп жатқан 2023 жылдың 24 наурызынан кейінге қалады.

«ҚР-дағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 4-3-тармағына сәйкес кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе дауыс беру күніне екі күн қалғанда бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабына сәйкес, оның кінәсі заңды күшіне енген сот актісі ретінде танылғанға дейін адам кінәсіз болып саналады. Демек, 2023 жылдың 19 наурызына дейін сот актісі заңды күшіне енбейді, сондықтан аудандық сайлау комиссиясы апелляция қаралғанға дейін тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға құқысы жоқ.

Соңғы күндері Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімі аппаратының басшысы Жүнісбеков Бақытжан тарапынан қызметтен кетуді талап еткен № 2 ИЫҰ төрағасы Жолмағамбетова Айсара бүгін комиссияның бес мүшесінің үшеуі басқа тұлғалармен ауыстырылғаннан кейін төраға қызметінен кетуге және қарапайым мүше болуға мәжбүр болды.

Енді № 2 аудандық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы соттың заңды күшіне енбеген қаулысы бойынша мені тіркеуден жоюға бара ма, жоқ па, соны күту ғана қалады. Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның бұзылуына Орталық сайлау комиссиясы және аудандық сайлау комиссиясы  жол бере ме, бермей ме, оны біз алдағы күндері көреміз.

Мені сайлауға түсірмеу үшін жаңа Қазақстан тағы да қандай заңбұзушылықтарға баратынын көрейік…»,-деп жазды ол.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстан халық партиясының мүшесі Нұрия Балтабайқызы осы партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың Ресей журналисі Владимир Соловьевқа берген сұхбатының астында «Арман Шораев ар-намысқа тиетін сөз жазды» деп, оны сотқа бергені туралы ақпарат тараған.

Айта кетейік, Арман Шораев 2023 жылы 20 ақпанда Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың суретін жариялап, «Бұл сатқындарға дауыс бермеу керек! Репост!» деп жазған.   

Байланысты жаналықтар

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

29.03.2023

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

23.03.2023

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады

20.03.2023

Арман Шораев: «Менің жеңісімді ұрлап жатыр»

20.03.2023

Сұлтан Хан Жүсіп Мәжіліске кандидат болып қайта тіркелді 

02.03.2023

Орал қаласында балабақша көбейеді

22.02.2023
MalimBlocks
«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

Олардың шағымын журналистер ғана тыңдады

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

«Өзеннің арғы бетінде қалған» әріптестеріме не дейін?

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады

Республика бойынша 25 қала мен елді-мекенді қамтылды.

Арман Шораев: «Менің жеңісімді ұрлап жатыр»

Протоколдардың жартысы біздің қолымызға тимейді

Сұлтан Хан Жүсіп Мәжіліске кандидат болып қайта тіркелді 

Сайлау комиссиясы қателігін түзетті

Орал қаласында балабақша көбейеді

Үміткерлер бұл жолы жиын өткізбей, әрбір бутикті аралап, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.