Су тасқыны: Зардап шеккендерге 7,5 млрд теңге төленді

Осы аптада Атырау облысында су тасқынының қауіпті кезеңі күтілуде.

Malim Админ

  • 14.05.2024

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев еліміздің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі сақталуда екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет отырысында Бозымбаев осы аптада Атырау облысында су тасқынының қауіпті кезеңі күтілуде екенін жеткізді.

Еліміздің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі сақталуда. Екі елді мекен (Ақтөбе облысы) әлі де көлік қатынасынсыз. Олар азық-түлікпен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу үшін 7 мыңнан астам адам және 1900 бірлік техника, оның ішінде 6 әуе кемесі жұмылдырылды. Су басу аймақтарынан 119 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның 44 мыңы балалар. Бүгінгі таңда өз үйлеріне 55,6 мың адам оралды, – деді премьер-министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Атырау облысы су тасқыны салдарын жою (оның ішінде тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша) Тимур Құлыбаевтың бір топ компаниясы көмек көрсететінін атап өтті.

Бүгінгі таңда 20 600 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алды. Төленген қаражаттың жалпы сомасы – 7,5 млрд теңге. 680 отбасы келтірілген материалдық шығын үшін 362,5 млн теңге сомасында өтемақы алды. 568 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге 710 млн теңге сомасында өтемақы алды. Өңірлерде залалды бағалау және оны өтеу жұмыстары жалғасуда. Жағдай тұрақты бақылауда, – деді премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Алматыда жер сілкінді