Сырымбек Тау: Respublica партиясы Meta жолды таңдайды

Malim Админ

  • 16.01.2023

Respublica  партиясы ретінде барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін Әділет Министрлігінен жауап күтіп отырмыз.
Біз жауап күтіп қана отырмай, тең төрағалармен басқосу өткіздік. Бұл басқосу барысында еліміздегі болып жатқан саяси жағдайға сәйкес қалай бәсекелестігімізді арттырамыз деп ой қосып, сондай-ақ, бағдарламамызды да талқыладық.

Respublica партиясы Meta жолды таңдайды. Олай дейтініміз, партия әрбір адамның қалтасында болуға тиіс. Яғни, кеңсеге барып не қалаларға барып адамдар сандалмауы керек. Өтінішін қалтасындағы телефон арқылы  толтырып, жергілікті шешілмей жатқан мәселелерді жоғарыға жеткізуге мүмкіншілік беруіміз қажет. Ол жерде мәселелерге рейтинг беріп, ең жоғары рейтингке шыққан мәселені халық болып талқылап, шешуіміз керек. Жалпылай біраз мәселелер айтылады, бірақ шешімі шыққанша ұмытылып кетеді.

Тең төрағалар,  біз және партия жақтастарының көбі өз саласында жетістікке жеткен адамдар болғандықтан, Respublica партиясына қызығушылық артуда.

“Сіздерге қалай тіркелеміз? Қалай бірлесіп, жұмыс жасай аламыз?” деген еліне шын жанашыр адамдардың да Respublica партиясымен байланысы көбеюде. Алла қаласа, тіркеуден өтсек, қалай партияға тіркелу, қалай Respublica партиясымен бірге жұмыс жасау, ол жерде өзінің орны қалай болатынын ашық түрде тағы да бір үлкен құрылтай өткіземіз деп ойлаймын. Бізге құр ұрандататын адамдар емес, елі мен жері, халқы үшін аянбай қызмет ететін адамдар қажет. Ондай адамдардың көп екеніне мен сенімдімін!

Байланысты жаналықтар

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды 

08.05.2025

Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды

07.05.2025
MalimBlocks
Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды 

Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды

Бұл қауіпсіздіктің ең сенімді кепілі бола алады, - деді Еурокомиссия басшысы