Тағы бір депутат «Nur Otan» партиясынан шығарылды

Malim Админ

  • 08.12.2020

«Nur Otan» партиясының Ақтөбе облыстық саяси кеңес бюросының қаулысы бойынша облыстық маслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі Аркадий Ни партия қатарынан шығарылды.

«Ақтөбе облысының маслихат депутаты Аркадий Ни заңға қайшы әрекетімен ұсталғанын байланысты партия филиалының бақылау комиссиясы «Nur Otan-ның» облыстық саяси кеңес бюросына Аркадий Ниді партия билетінен айыруды ұсынды. «Nur Otan» партиясының облыстық саяси кеңес бюросының қаулысымен Аркадий Ни партиядан шығарылды» делінген хабарламада.

Мұның алдында әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда Ақтөбеде 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасады деген күдікпен "Нұр Отан" партиясының мүшесі Аркадий Ни ұсталғаны туралы мәлімет пайда болды.

Ratel.kz порталының мәліметінше, бизнесмен кішкентай қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінген. Сол әрекеті үшін, яғни қыздың пәктігі үшін бизнесмен 1 миллион теңге төлеген делінеді. Ал кейінгі жыныстық қатынастар үшін бизнесменнің 50 мың теңгеден төлеп тұратыны айтылады.

Қазір Аркадий Нидің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Аркадий Ни «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы. 1961 жылы 25 наурызда Фрунзе, қазіргі Бішкек,  қаласында туды. 1966 жылдан бастап Қазақстанда тұрады. Жамбыл құрылыс-гидромелиоративті институтын бітірді, инженер-механик мамандығын алған. Қазақстан кәрістері ассоциациясының ақтөбелік филиалы басшылығының мүшесі, Ақтөбе облысы бойынша «Қазақстан теннисының федерациясы» РОО филиалының директоры.

Бұған дейін «Nur Otan» партиялық бақылау комитетінің шешімімен Нұржан Әлтаев партиядан шығарылған еді. Ол «Nur Otan» партиясының беделін түсіретін және оның мүдделеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасаған, бірқатар мәлімдемелерінде жаңа саяси партия құру ниеті туралы айтқан болатын.

https://malim.kz/9863/

Байланысты жаналықтар

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

09.05.2025

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары 2,3 млн теңге көлемінде пара алған

05.05.2025

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

05.05.2025

Талғарда жұрт көзінше ер адамды ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

29.04.2025
MalimBlocks
Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары 2,3 млн теңге көлемінде пара алған

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Талғарда жұрт көзінше ер адамды ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды