Тасмағамбетов лауазымды қызметке ұсынылды

Malim Админ

  • 15.03.2021

Иманғали Тасмағамбетов ресейлік компаниясына лауазымды қызметке баруы мүмкін.

Ресейдің «КАМАЗ» компаниясының директорлар кеңесіне Иманғали Тасмағамбетовтың кандидатурасы ұсынылды.

«Тұңғыш рет директорлар кеңесін сайлауда екі адамның кандидатурасы ұсынылды. ПАО «КАМАЗ» жұмысшыларының бірлескен кәсіподағының төрағасы Кирил Паузырьков пен Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі болған Иманғали Тасмағамбетов», - делігін компания сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылдың желтоқсан айында зейнетке кеткен. Ол екі жарым жыл Қазақстанның РФ елшісі болып қызмет атқарған. Оған дейін әр жылдары Алматы, Астана қалалары мен Атырау облысының әкімі, ҚР премьер-министрі, қорғаныс министрі, президент әкімшілігінің басшысы болған.

Иманғали Тасмағамбетов Ресейге елші болып кеткен уақытта ел арасында «Ақорда Тасмағамбетовты сайлаудан алшақтату үшін өзге елге әдейі жіберді» деген сарындағы сөздер желдей ескен. Бірақ Тасмағамбетовтың өзі халық алдында экс-президент «Нұрсұлтан Назарбаевтың өнімі екенін» бірнеше рет айтқан.

Бұдан бөлек, Тасмағамбетов ақын-жазушы, зиялы қауым өкілдеріне үй беруімен де ел есінде қалған. Осыған байланысты саяси элита арасында оны «кілт үйлестіруші» деп атап кеткен. Оның саяси мансабындағы «қара парақтардың» бірі 2006 жылы Алматы қаласының әкімі болып тұрған уақытта болған «Шаңырақ-Бақай оқиғасы». Заңсыз жер басып алуға байланысты болған оқиға кезінде бір полиция қызметкері қайтыс болып, диссидент-ақын Аран Атабек бастаған бірнеше азамат ұзақ жылға сотталған. Қазақстандық және халықаралық құқық қорғаушылар Арон Атабекті саяси тұтқын деп есептейді.

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді