Тоқаев: Азаматтарды тіл мен ұлтына қарап кемсітетіндер жазаланады

Елнұр Бақытқызы

  • 01.09.2021

Қазақстан көпұлтты мемлекет болып қала береді, ал азаматтарды тіл, ұлт пен нәсілге қарап кемсітетіндер заң бойынша жазаланады. Бұл туралы бүгін халыққа жолдау арнаған президент Қ.Тоқаев мәлімдеді.

"Қоғамдағы бірлік пен келісімді көзіміздің қарашағындай сақтауымыз керек. Этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін барлық азамат түсінуі керек. Біз қашанда алауыздыққа қарсы тұра білген елміз. Адамды тіліне, ұлтына , нәсіліне қарап кемсітуге, біреудің намысына тиюге жол бермейміз. Заң бойынша жауапқа тартамыз. Конституцияға қайшы мұндай жауапсыз қадамдар еліміздің негізгі мүдделелеріне зиян тигізеді", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қазақ тілін дамыту – мемлекеттің негізгі басым бағытының бірі болып қала бермек.

"Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Қазақ тілінің өрісі тым шектеліп барады деуге негіз жоқ. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол – қазақ тілі. Орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие. Заң бойынша, оның қолданысына кедергі келтіруге болмайды. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Бұл –  отаншылдықтың басты белгісі. Жастарымыз өзге тілдерді, соның ішінде орыс тілін жетік меңгерсе, одан еш ұтылмайды. Қазақстан мен Ресей арасында шекара әлемдегі ең ұзын шекара. Орыс тілі БҰҰ-дағы ресми алты тілдің бірі. Сондықтан бұл мәселеге парасаттылықпен қарауымыз қажет", - деді Тоқаев.

ФотоAkorda.kz

Байланысты жаналықтар

Президенттер саммитте бірнеше құжатқа қол қойды

21.05.2025

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барды

21.05.2025

Тоқаев Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

20.05.2025

Тоқаев Будапештке жетті

20.05.2025

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

20.05.2025
MalimBlocks
Президенттер саммитте бірнеше құжатқа қол қойды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Тоқаев Мажарстанға барды

Тоқаев Мажарстанға барды

Тоқаев Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Тоқаев Будапештке жетті

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

Тоқаев билігінің алғашқы кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге бағытталған арнайы ұлттық стратегиялық жоспарды қабылдады