Трампты Ақ үйден қуып шықпақ

Елнұр Бақытқызы

  • 12.01.2021

Демократ конгресмендер 20 қаңтарға дейін президент Дональд Трампты қызметінен мерзімінен бұрын кетіруге тырысып жатыр. Президенттің қарсыластары Трамп сайлауда жеңілгенін мойындамай, жақтастарын Капитолийді басып алуға арандатты деп есептейді. Демократтар Трампты екі жолмен кетіре алады.

Трампты кетірудің екі жолы

Конгрестің өкілдер палатасы 11 қаңтар күні Трампқа импичмент жариялау туралы резолюцияны жариялады.  13 қаңтар күні конгрестің өкілдер палатасы резолюция бойынша дауыс беруі тиіс.

АҚШ конституциясының 3-бөлімі 14-түзетуге сәйкес, бүлікке қатысқан тұлғаның АҚШ-та лауазымды қызмет атқаруына тыйым салынады. Өкілдер палатасы жариялаған импичмент мәтінінде Трамптың жақтастарға дем беріп, бүлік ұйымдастырмақ болғаны жазылған.

Егер өкілдер палатасы импичментті жақтап дауыс берсе, артынша резолюцияға сенат дауыс береді. Егер сенат импичментті қолдап дауыс берсе, Трамп бұдан былай президент сайлауына түсе алмайды.

Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Трампқа импичмент жарияламай-ақ конституциядағы 25-түзетуге сәйкес қызметінен кетірген жөн деп есептейді. 25-түзетуге сәйкес, вице-президент пен әкімшіліктегі лауазымды тұлғалар көпшілік дауыспен президентті қызметінен кетіре алады. Вице-президент Майк Пенс және атқарушы биліктің 15 өкілі, оның ішінде мемлекеттік хатшы Майк Помпео, қаржы министрі Стивен Мнучина Трампты кетіре қоя ма? The Wall Street Journal, USA Today Пенс Трампты кетіру мәселесін көтермейді деп жазады.  Демократтар мұны да алдын ала ескеріп, импичмент жайлы резолюцияны әзірлеп қойғаны содан.

6 қаңтар күні наразылардың Капитолийге басып кіруін мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті деп бағалаған өкілдер палатасының мүшесі, импичмент жайлы резолюция авторларының бірі  Дэвид Чичиллин Трампты тез арада қызметтен кетіру керек дейді.  "Мұндай президент елімізге қауіп төндіреді", - дейді ол.

Қауіп демекші, Федералды тергеу бюросы  Трампты мерзімінен бұрын кетірсе, оны қолдайтын топтар АҚШ-тың барлық штаты мен астанасында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруы мүмкін деген ақпарат таратты. Федералды тергеу мәліметінше, арандатушылар 17-20 қаңтар аралығында наразылыққа шығып, соттар мен үкімет ғимараттарын басып алуға үндеу тастаған. Сол себепті Трамп Вашингтонда екі апталық төтенше жағдай жариялады.

Импичмент жариялап үлгере ме?

Өкілдер палатасы Трампқа конституцияның қай бабы бойынша импичмент жариялау керектігін нақтылап, күні бұрын резолюция  әзірлеп қойды.  Ақпарат құралдары өкілдер палатасының көпшілігі импичментті жақтап дауыс береді деп топшылап жатыр. Өйткені 2019 жылдың желтоқсанында Трампқа импичмент жариялау мәселесі талқыланып, дауысқа салынғанда 228 конгресмен (бәрі демократтар) Трампты кетіруді жақтап дауыс берсе,  193 конгресмен (республикашылдар және бір демократ) импичментке қарсы дауыс берді. Бұл жолы да өкілдер палатасындағы көпшілік импичментті қолдаса, ол сенатқа түседі. Сенаторлар президентке тағылған айыпты талқылап, оның кінәлі-кінәсіздігін шешеді. 2019 жылы сенаторлар импичментті қолдамаған. Бірақ бұл жолы сайлаудан кейін конгресте де, сенатта да басым көпшілік демократтар.

Трампқа алғашқы рет 2019 жылы импичмент жариялау мәселесін қарау және талқылау үш айға созылды. Бұл жолы сәрсенбі күні конгресмендер көпшілік дауыспен Трампты кетіруді жақтап дауыс берген күннің өзінде сенаторлар инаугурацияға дейін импичмент жариялап үлгермеуі мүмкін.

Президентті кінәлі деп тауып, қызметінен кетіру үшін 100 сенатордың 67-сі қолдап дауыс беруі керек. Сенаттағы демократтар саны 50, олай болса, қалған 17 дауысты Трамптың өз партияластары беруі керек. Конгрестегі кейбір республикашылдар Трампты кетіруді қолдаса да, олардың қаншасы импичментті қолдап дауыс беретіні белгісіз.

Капитолийге басып кріген наразыларды дер кезінде тарату орнына оларға дем берген Трампты демократтар тез арада жазалағысы келеді. Дегенмен импичмент процесі Байден әкімшілігіне кедергі келтіруі мүмкін. Өйткені сенат импичментті талқылай бастаса, бұл Байденге бірқатар заң қабылдауға кедергі келтіреді. Мұны Байденнің өзі де мойындап отыр. Байден сенат бұл істі қарауды тез аяқтайды деп үміттенеді. Кей демократтар сол себепті импичмент туралы қарарды сенатқа Байденнің президенттігіне 100 күн толғаннан кейін жолдауды ұсынды, алайда  Хойер бастаған демократтар Трампты Ақ үйден тезірек қуып шығып,жазалағысы келеді.

 

Байланысты жаналықтар

Райан Рутқа Дональд Трампқа қастандық жасады деп ресми түрде айып тағылды

25.09.2024

Трамп: Жеңілсем, кандидат болмаймын

23.09.2024

Трамптың штабынан ұрланған ақпарат Байденге жіберілген

19.09.2024

"АҚШ-ты Қытайға саттың". Камала Харрис Трампты айыптады

11.09.2024

«Прокурор қылмыскерге қарсы»: Трамптың бәсекелесінде мүмкіндік бар ма?

31.07.2024

Борис Джонсон Дональд Трампқа Украина мен Ресейді татуластыру туралы ұсыныс айтты

23.07.2024
MalimBlocks
Райан Рутқа Дональд Трампқа қастандық жасады деп ресми түрде айып тағылды

Ол өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Трамп: Жеңілсем, кандидат болмаймын

Жексенбі күні АҚШ-тың бұрынғы президенті және биылғы кандидат Дональд Трамп алдағы сайлауда жеңілісе, одан кейін президенттікке үміткер болмайтынын айтты.

Трамптың штабынан ұрланған ақпарат Байденге жіберілген

Федералды тергеу бюросы бұл ирандық хакерлердің әрекеті екенін айтты

"АҚШ-ты Қытайға саттың". Камала Харрис Трампты айыптады

Бұл пікірталас - 5 қараша өтетін сайлаудың алдындағы маңызды сәт

«Прокурор қылмыскерге қарсы»: Трамптың бәсекелесінде мүмкіндік бар ма?

АҚШ демократиялық партиясы атынан тіркелген үміткердің ауысуы президенттік кампанияның жұмысын қайта бастауға мәжбүр етті.

Борис Джонсон Дональд Трампқа Украина мен Ресейді татуластыру туралы ұсыныс айтты

Ұлыбританияның экс-премьер-министрі және Украинаға әскери көмек көрсетуде белсенді қолдаушы Борис Джонсон британдық "Daily Mail" басылымына жазған бағанында бірқатар жайттарды алға тартты. Мақалада ол Дональд Трамп қайта сайланған жағдайда Украинаны құтқара алатынына сенім білдірген.