Жамбыл ауданы – шенеуніктер отаны

Malim Админ

  • 14.05.2020

Жуырда қолымызға «Жамбыл елінің жайсаңдары» деген кітап түсті. 53,50 баспа табақ боп шыққан қалың кітап 2016 жылы жарық көріпті. «Арда» баспасы әзірлеген кітап бар-жоғы 1400 данамен шықты демесеңіз, ішінде біраз қазына бар. Қарасай, Саурық, Сұраншы батырлар мен Сүйінбай, Жамбыл сынды ақындар жайлы жазылады. Алайда, соңыра алдыңыздан шенеуніктер шеруі шығады.

Кітап Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ өмірбаянынан басталады. Алғыс сөзін «Теңіз суы тамшыдан басталады» деп Серік ҮМБЕТОВ жазыпты.

Генералдар

Жамбыл ауданынан жоғарғы шенді офицерлер аз шықпапты. Қорғаныс, ҰҚК, Ішкі істер саласында жоғарғы қызмет атқарған азаматтар жетерлік. Соның басында Нұртай ӘБІҚАЕВ тұр. Әскери білім алмаса да Нұртай ӘБІҚАЕВ генерал-майор шеніне дейін жеткен. Екі рет ҰҚК басқарған.

Қазақстанның бас прокуроры Ғизат НҰРДӘУЛЕТОВ Жамбыл ауданының Қаракестек ауылында 1964 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1987 жылы совет колхоздарының бірінде заңгер болып бастаған. ҰҚК-нің генерал-майоры.

Жамбыл ауданына қарасты Саурық батыр ауылында тағы бір Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған генерал дүниеге келіпті. Ол - генерал-лейтенант Әділ ШАЯХМЕТОВ.

Авияция генерал-лейтенанты, ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат МҰСАБАЕВ та осы Жамбыл ауданының тумасы. Қазақтың екінші ғарышкері Қарғалы ауылында 1951 жылы дүниеге келген.

Мемлекеттік күзет қызметі мен президент күзет қызметін басқарған генерал-лейтенант Амантай КҮРЕҢБАЕВ 1956 жылы Жамбыл ауданының Амангелді ауылында туған екен.

ҰҚК-нің төрағасы Кәрім МӘСІМОВТЫҢ орынбасары, сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит БАЙЖАНОВ та Жамбыл ауданының тумасы. Генерал-лейтенат Байжанов  2018-2019 жылдары президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болған.

Тағы бір ҰҚК-нің генерал-лейтенанты Болат ҚЫРҒЫЗБАЕВ «Жамбыл елінің жайсаңдары» кітабына еніпті. Кітап құрастырушылары өз атақты жерлестерімен мақтанған. Алайда, ғалаторда генерал Қырғызбаев Алматы облысының Панфилов ауданында өмірге келген деп жазылған.

Ұлттық қорғаныс университеті басшысының орынбасары генерал-майор Дәмір ХАЛЫҚОВ та Жамбыл ауданыннан. Атақты Сарыбай бидің ұрпағы екен. Туған інісі Әмір ХАЛЫҚОВ генерал-лейтенант. Қазақстан қарулы күштері бас штабы бастығының бірінші орынбасары.

Генерал-майорлар Қуаныш ҚИСЫҚОВ пен Серік КҮДЕБАЕВ та Жамбыл елінің жайсаңдары.

Әкімдер

Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданынан әкімдер де ас шықпаған. Алматы, Жамбыл облыстарын басқарған Серік ҮМБЕТОВ, Алматы облысын басқарған Аңсар МҰСАХАНОВ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болған Бақыт СҰЛТАНОВ та осы елдің тумасы. Облыс әкімінің орынбасары, аудан басшысы болған және сол салада еңбек етіп жатқан азаматтар да баршылық. Олар: Ләззат ТҰРЛАШОВ, Махаббат БИГЕЛДИЕВ, Бағдат ӘЛИЕВ, Ақан ӘБДІУЛИ, Дастан ШАЛТАБАЕВ, Жандарбек ДАЛАБАЕВ, Жолан ОМАРОВ.

Депутаттар

Мәжіліс депутаттары Амангелді ДӘУРЕНБАЕВ, Азамат ӘБІЛДАЕВ, Серік ҚҰСАЙЫНОВ, Берік ОСПАНОВ сынды мәжілісмендер жамбылдық жайсаңдардың қатарында.

Жамбыл ауданынан ҚР Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат МӘМИ де шыққан. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида БАЛАЕВА мен Қайрат ӘБДІРАЗАҚҰЛЫ Жамбыл ауданына қарасты Жамбыл ауылында туған. Жоғарғы сот судьясы Мейрамбек ТАЙМЕРДЕНОВ, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен АБАЕВ, индустрия және инфроқұрлымдық даму министрі  Бейбіт АТАМҚҰЛОВ, сауда және индустрия министрі болған Ғалым ОРАЗБАҚОВ та аудан мақтаныштары жазылған кітапқа кірген.

 

 

Байланысты жаналықтар

Биыл қанша азаматтың «қандас» мәртебесін алғаны белгілі болды

22.10.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президентімен телефон арқылы сөйлесті

22.10.2024

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

21.10.2024

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды

18.10.2024

Тоқаев елордадағы жаңа өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты

17.10.2024

Президент Astana Think Tank форумына қатысты

17.10.2024
MalimBlocks
Биыл қанша азаматтың «қандас» мәртебесін алғаны белгілі болды

1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралған

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Чехиямен тығыз ықпалдастық жасауға бейіл

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды

Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болған

Тоқаев елордадағы жаңа өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты

Президент Astana Think Tank форумына қатысты

Адамзат сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр