Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қайрат" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Слованды" жеңді

Спорт
"Қайрат" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Слованды" жеңді

Матч басынан-ақ "Қайрат" шабуылға белсенді кірісіп, бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды, алайда "Слован" қақпашысы өз командасын сенімді қорғап қалды. Кейінірек словакиялық клуб алаң иелерінің алғашқы қарқынын басып, ойын тең дәрежеде өрбіді, деп хабарлайды Malim.kz.

15-минутта "Слован" жартылай қорғаушысы, бұрын "Қайсар" мен "Астанада" ойнаған Тигран Барсегян итергені үшін сары қағаз алды. Одан 10 минут өткен соң, "Қайрат" ойыншысы Еркін Тапалов орталықта ереже бұзғаны үшін ескерту алды.

Алайда бұл ескертулер ойыншыларға сабақ болмады. 65-минутта "Слован" футболшысы Рахим Ибрахим 15 минут ішінде екі рет ереже бұзғаны үшін алаңнан қуылды. Соңғы рет ол Валерий Громыкоға қарсы фол жасап, екінші сары қағазын алды. Осылайша, Ибрахим қарымта кездесуге қатыса алмайды.

"Қайрат" бір ойыншымен артық ойнау мүмкіндігін барынша пайдаланды. Соның арқасына ойынның 90-минутында 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев төреші белгілеген пенальтиді дәл орындап, командасына жеңіс сыйлады.

Фото: "Қайрат" ФК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу