Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қайраттың» қорғаушысы «Реалға» қарсы матч алдында шаңырақ көтерді

Спорт
«Қайраттың» қорғаушысы «Реалға» қарсы матч алдында шаңырақ көтерді

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» клубының жас жұлдызы Дамир Қасаболат өміріндегі маңызды қадамға барды. Ол «Реал Мадридке» қарсы өтетін тарихи ойын қарсаңында шаңырақ көтерді. Бұл туралы Skifnews.kz сайтына сілтеп Malim.kz хабарлайды. 


Бұл қуанышты жаңалықты Қазақстан ұлттық құрамасының ресми Instagram парақшасы бөлісті.

«Жас жұбайларға бақыт, махаббат пен береке тілейміз. Бірге өткізер әр күніңіз қуанышқа толы болсын!», – делінген құттықтауда.

Айта кетейік, Дамир Қайратұлы 2002 жылы Алматыда туған. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен «Қайрат» клубының қорғаушысы.  Қазақстанның 17, 21 жастағы құрамаларында ойнады. 2024 жылы Қазақстан чемпионы болды. 2025 жылы Қазақстан суперкубогын иеленді.

Фото: Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу