freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан мен Куба сауда-экономикалық байланысты тереңдетуге келісті

Саясат
Қазақстан мен Куба сауда-экономикалық байланысты тереңдетуге келісті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жиынға қатысқаны үшін мәртебелі мейманға ризашылығын білдіріп, еліміз Кубаның ЕАЭО қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Президент Еуразиялық экономикалық форумда талқыланған жасанды интеллектіні дамытудың өзектілігін атап өтіп, осы саладағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасына тоқталды.

Мемлекет басшысы еліміздегі экономиканың негізгі салаларын цифрландыру және оған жасанды интеллект технологияларын енгізу шаралары туралы мәлімет берді. Осы орайда, Қазақстанның Куба тарапымен электрондық үкіметті дамыту тәжірибесін бөлісуге, озық цифрлық шешімдерін экспорттауға әзір екенін растады.

Сальвадор Вальдес Меса Қасым-Жомарт Тоқаевқа Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің сәлемін жеткізіп, өзара сауда-экономикалық байланысты арттыруға ниетті екенін айтты.

Кездесуде медицина және фармацевтика бағытында тиімді ынтымақтастықты жандандыру әлеуетіне баса назар аударылды. Бұдан бөлек, іскерлік және мәдени-гуманитарлық қатынастарды тереңдету мүмкіндіктері қарастырылды.

Қазақстан Президенті мен Куба Вице-президенті халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу