Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан – «қола» жүлдегер!

Спорт
Қазақстан – «қола» жүлдегер!

Футболдан Қазақстан әуесқойлар құрама командасы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан құрамасы шағын футболдан әуесқойлар арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдесіне Франция құрамасымен таласты.

Кездесу нәтижесінде ел құрамасы 7:2 есебімен ойсырата ұтып, турнирде үшінші орынға тұрақтады.

Бұған дейін топтық кезеңде бірінші орын алған Қазақстан құрамасы Словения мен Әзербайжан құрамаларынан басым түсіп, финалға шығар сәтте Румыниядан пенальтиде ұтылып қалған еді. Румыния осы жолы чемпион атанды.

Турнир Босния және Герцеговинада өтті. Құрама сапынан Александр Русинас үздік қақпашы деп танылды.

Фото: бейнежазбадан скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу