Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қожағапанов вице-министр қызметінен босатылды

Сұқбат
Қожағапанов вице-министр қызметінен босатылды

Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ерлан Қожағапанов қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қожағапанов министрлікте спорт саласына жауапты болған.

Тамыз айында Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасында сәтсіз өнер көрсетуі жайлы пікір білдірген Қожағапанов министр Райымқұловаға араша түскен еді.

"Министрді айыптау негізсіз. Бұл жерде "не істеу керек?" деген мәселе маңызды. Барлық қазақстандықты  балалар мен бұқаралық спортты  дамытуға шақырамын", - деген еді ол.

Қазақстан құрамасы Токио олимпиадасында сәтсіз өнер көрсетіп, сегіз қола медальге қол жеткізді. Еліміз тұңғыш рет Олимпиада ойындарынан "алтынсыз" қайтты.

Қожағапанов мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне  биыл сәуір айында ғана тағайындалған болатын. 

Бұл қызметтен босатылған Қожағапанов үкімет жетекшісінің кеңесшісі қызметіне  тағайындалды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу